
Өмірбаян
Қалысбаев Ерғали Бадамбайұлы 1964 жылы Меркі ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген.
1982 жылы №88 кәсіптік-техникалық училищесін «дәнекерлеуші» мамандығы бойынша, 1990 жылы Қарағанды индустриалды-педагогикалық техникумын «дәнекерлеу сыныбының оқытушысы» мамандығы бойынша, ал 2014 жылы Тараз мемлекеттік университетін «Машина жасау» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1987 жылы Талас ауданында дәнекерлеу сыныбының мұғалімі болып бастаған.
1991–1994 жж. – Меркі аудандық кәсіптік-техникалық училищесінде мұғалім;
1994–1998 жж. – Меркі аудандық кәсіптік-техникалық училищесінің директор орынбасары;
1998–2006 жж. – Қазақстан жүргізушілер кәсіподағының көмекшісі, 2006–2011 жж. – Қазақстан жүргізушілер одағы Меркі ауылдық бөлімшесінің төрағасы;
2011 жылдан бүгінгі күнге дейін жеке кәсіпкер.





