
Өмірбаян
Құрманалиев Айдосхан Өсерұлы 1973 жылы 30 тамызда Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылында дүниеге келген.
1980 жылы Трубицын атындағы №17 орта мектебінің табалдырығын аттап, 1990 жылы бітірген.
1991 жылы Алматы халық шаруашылығы институтына оқуға түсіп, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітіріп, экономист мамандығын алған.
2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының сырттай бөліміне оқуға түсіп, оны 2003 жылы бітіріп, заңгер мамандығын алды.
1989 жылдың маусым айынан 1990 жылдың желтоқсан айына дейін жүн қоймасында жұмысшы, Меркен РЗК-да есепшінің көмекшісі болып қызмет атқарған.
1994 жылдың қыркүйегінен 2005 жылдың қаңтарына дейін Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша салық органдарында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2005 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында «БК Бетпақ-Дала» ЖШС сыртқы экономикалық қызмет бөлімінің бастығы болып жұмыс атқарған.
2005 жылдың тамызынан 2009 жылдың сәуіріне дейін коммерциялық құрылымдарда қызмет атқарған.
2009 жылдың сәуір айынан 2016 жылдың қазан айына дейін Алматы қаласы бойынша салық органдарында түрлі лауазымдардақызмет атқарған.
2016 жылдың қазан айынан 2019 жылдың маусым айына дейін коммерциялық құрылымдарда қызмет атқарған.
2019 жылдың маусымынан 2021 жылдың маусымына дейін Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының ішкі аудит қызметінің басшысы қызметін атқарған.
2021 жылдың маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «АЖИО» ЖШС басшысының кеңесшісі болып қызмет атқаруда.





