
Өмірбаян
Сейсенбаев Нұрлан Еренсізұлы 1980 жылы 3 тамызда Жамбыл облысы Меркі ауданы Большевик колхозында (Ақтоған ауылы) дүниеге келген.
1997-2001 жылдары Қырғыз мемлекеттік ұлттық университетінде, 2001-2002 Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінде «экономист», 2014 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолының алғашқы қадамдарын 2002 жылы Меркі ауданының №1 орта мектебінде информатика пәнінің мұғалімі болып бастап, кейін дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жемісті еңбек еткен. 2015 жылдан бастап қазіргі таңға дейін жеке кәсіппен айналасуда.
Марапаттар
2017 жыл Меркі ауданы әкімінің Құрмет грамотасы.
2018 жыл "Жомарт жүрек" сыйлығының лауреаты.
2019 жыл Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хаты.
2020-2021 жылдары Меркі ауданы әкімінің алғыс хаттары.
2021 жыл "Nur Otan" партиясының Құрмет грамотасы.
2021 жыл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хаты.
2022 жыл "Аmanat" партиясының "Белсенді қызметі үшін" төсбелгісі.
2022 жыл Қазақстан Республикасының "үздік депутаты" төсбелгісі.





