
Өмірбаян
Тлеужанов Жасұлан Жеңісбекұлы 1973 жылғы 7 тамыз айында Жамбыл облысы Меркі ауданы, Тәтті ауылдық округінде дүниеге келген.
1980-1990 жылдары Жамбыл облысы Меркі ауданы №17 Трубицын атындағы орта мектебінде 11 сыныпты бітірген.
1990-1996 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласындағы СГМИ-ның емдеу ісі мамандығы бойынша аяқтаған.
2002-2004 жылдары М.Х.Дулати атындағы ТарМУ заңгер мамандығы бойынша білім алған.
1996-1997 жылдары Жамбыл облыстық ауруханасының интернатурасында оқып терапевт- дәрігер мамандығын алып шыққан.
Бастапқы мамандандыруды 1997-1998 жылдары Алматы қалалық дәрігерлердің біліктілігін арттыру институтында невролог- дәрігер мамандығы бойынша алып шықты.
1997 - 2004 жылдары Жамбыл облысы Меркі ауданының орталық емханасында невролог- дәрігер қызметін атқарды.
2004-2005 жылдары арлығында Жамбыл облыстық СМО (Сот медицина орталығы) филиалының сот медициналық сараптама дәрігері қызметін атқарып, 01.02.2005 жылы Жамбыл облысының Тараз қаласының № 2 ауруханасының невролог- дәрігер лауазымына ауысты.
2006 - 2016 жылдары аралығында Жамбыл облысы Меркі ауданының орталық диагностикалық- кеңес беру емханасында невролог- дәрігер қызметін атқарды.
2016 жылы Жамбыл облысы Меркі аудандық орталық емханасының диагностикалық- кеңес беру бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалған.
2017 - 2019 жылдары аралығында Меркі аудандық орталық ауруханасының бас дәрігердің амбулаториялық-емханалық қызметі бойынша орынбасары лауазымын атқарған.
2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Жамбыл облысы Меркі аудандық емханасының диагностикалық- кеңес беру бөлімінің меңгерушісі қызметін атқаруда.





