
Өмірбаян
Шағатаева Күлаим Жексембіқызы 1978 жылы 29 наурызда Меркі ауданы, Т.Рысқұлов ауылында дүниеге келген.
1985 жылы 1 қыркүйекте №28 орта мектебінің 1-сынып табалдырығын аттап, 1995 жылы осы мектептің 11-сыныбын үздік тамамдаған.
Жоғарғы оқу орнына 2004 жылы түсіп, 2009 жылы Жамбыл Гуманитарлық-Техникалық Университетінің математика факультетін аяқтап, мұғалім бакалавр мамандығын алып шыққан.
Еңбек жолын 2003 жылы Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №28 орта мектебінің лаборанты қызметінен бастаған.
2006-2012 жылдары №28 орта мектепбінің физика, информатика, математика пәндерінің мұғалімі.
2012-2014 жылдары №28 орта мектепте әлеуметтік педагог.
2014 -2018 жылдары «Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Мәңгілік Ел» тәрбие – білім беру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.
2018-2021 жылдары Меркі ауданы әкімдігінің Рысқұлов ауылдық округі әкімі.
2021 жылы 20 сәуірінен бастап, қазіргі уақытқа дейін «AMANAT» партиясы Меркі аудандық филиалының Атқарушы Хатшысы.





