
Қыстауов Болатбек Танибергенұлы
Меркі аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Қыстауов Болатбек Танибергенұлы 1984 жылы 22 тамызда Жамбыл облысы Меркі ауданы Сарымолдаев ауылында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Отбасын құрған. Бір ұл, үш қыз тәрбиелеуде.
1991-2001 жылдары Сарымолдаев ауылындағы №9 Савва атындағы орта мектебінде білім алған.
2001-2005 жылдары аралығында Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің физика-информатика факультетінде оқып аяқтаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Меркі ауданы №9 Савва атындағы орта мектебіне информатика пәні мұғалімі болып бастаған.
2008-2016 жылдары осы мектепте директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
2016 жылдың ақпан айынан Меркі ауданындағы Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп лицейінің директоры қызметіне тағайындалған.
Марапаттар
2014 жылы Облыстық «Үздік педагог -2014» байқауында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ІІ дәрежелі дипломымен және Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталған.
2017 жылы ХVІІ Облыстық «Жол қозғалыс инспекторлары» слетін ұйымдастыруға белсене қатысқаным үшін Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының мақтау қағазымен марапатталған.
2018 жылы ҚР ҚК әскери полоигонында өткізілген жауынгерлік парадты ұйымдастыруда белсенділік танытқаны үшін Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталған. Әлеуметтік әріптестіктің нығаюына қолдау көрсетіп, кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы төрайымының Құрмет грамотасымен марапатталған.
2019 жылы Облыстық «Үздік жас директор» байқауына қатысып ІІ дәрежелі дипломмен және Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу барысында қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасының Алғыс хатымен марапатталған.
2020 жылы «Nur Otan» париясының Қазақстанда жалпыұлттық деңгейде тұңғыш рет өткен партияның сайлауалды іріктеуіне белсенді атсалысқаны үшін «Nur Otan» париясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Б.Сапарбаевтың алғыс хатымен марапатталған. «Республиканың үздік мектебі» онлайн байқауына қатысып «Қазақстан Республикасының үздік ауылдық лицей, гимназиясы» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен, 2022 жылы Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым» грантының 34 000 000 теңге сертификат иегері болып марапатталған.
2021 жылы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға және өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім берудегі қол жеткізген табыстары үшін ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
2022 жылы елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты, ауданның тыныштығын ойлап, патриоттық қасиеттерді көрсеткенім үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумда түсіндіру жұмыстарына белсенді түрде қатысып, ортақ іске үлес қосқаны үшін «Аманат» партиясының Атқарушысы хатшысы А.Ораловтың Алғыс хатымен марапатталған.





