
Өмірбаян
Бейсенбаева Зауре Туребековна 1968 жылдың 12 қарашасы күні Меркі ауданының Киров колхозында өмірге келген.
1985 жылы Сұрат ауылындағы №19 орта мектебін бітірген.
1985 жылы Жамбыл педагогикалық институтына қабылданып, 1990 жылы математика және физика, информатика пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы №30 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі ретінде бастаған.
1993 жылы №44 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі.
1998 жылы Балалар мен жасөспірімдер «Үміт» сарайында қосымша білім беру педагогы.
2012 жылы «Үміт» сарайы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
2016 жылдан бастап «Үміт» сарайының директоры.
Марапаттар
2016 жылы Қазақстан жазушылар одағы басқармасының алғыс хатымен; «Ғұмырдария» Халықаралық балалар байқауының алғыс хатымен; Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс – шараларды өткізетін облыстық орталықтың алғыс хатымен.
2017 жылы аудандық білім бөлімі мен бастауыш кәсіподақ ұйымының «Үздік жұмыс берушісі – 2017» номинациясымен; қосымша білім беру саласын жетілдіруге қосқан елеулі еңбегі үшін облыстық Мектеп олимпиядаларын және мектептен тыс іс – шараларды өткізетін орталықтың Құрмет грамотасымен; «Шашу» республикалық өнер фестивалінің; «Атадан мұра» республикалық байқауының алғыс хатымен; «Өрлеу» БАҰО республикалық онлайн байқауына қатысып «Ең үздік» қысқа мерзімді жоспары үшін І дәрежелі дипломмен; «Өрлеу» БАҰО республикалық байқауына қатысып «Жылдың ең сәтті ғылыми жобасы» І дәрежелі дипломмен марапатталған.
2018 Республикалық балалар мен жастардың шеруінің жеңімпаздарын дайындағаны үшін Республикалық қосымша білім беру оқыту – әдістемелік орталығының алғыс хатымен; Республикалық «Дала сазы» атты байқауында жас ұрпақты өнерге баулуда қосқан үлесі үшін алғыс хатпен; Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Құрмет грамотасымен; «Балалар – балаларға. Мұражай педагогикасы» облыстық байқауда Оқушылар «Үміт» сарайы Бас жүлде дипломмен; «Бала шабыты» Халықаралық өнер байқауында балаларға өнер жолын ашқаны үшін, рухани қазынасының дамуына зор үлес қосқан үшін алғыс хатпен; «Өрлеу» БАҰО республикалық «Ұлағатты ұстаз» байқауына қатысып І дәрежелі дипломмен марапатталған.
2019 жылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің құрмет грамотасымен марапатталды.
2019 жылы Білім беру жүйесін дамыту мен жетілдіруге қосқан елеулі еңбегі үшін кәсіподақ төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
2021 жылы Қазақстан Республикасы Парламаентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне қосқан үлесі үшін Алғыс хатымен марапатталды.
2021жылы «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті» күні мерекесіне орай Меркі ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.





