Қызметкерлер — Атырау қаласының мәслихаты

    Атырау қаласының мәслихаты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    2
    Құлбарахов Ақылбек Нұрболатұлы
    Мәслихатының төрағасы

    Құлбарахов Ақылбек Нұрболатұлы

    Атырау қаласы Мәслихатының төрағасы

    Ақылбек Нұрболатұлы Құлбарахов 1988 жылы 30 қаңтарда Атырау қаласында дүниеге келген. 2003-2007 жылдар аралығында Атырау политехникалық колледжінде мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау мамандығы бойынша білім алған. 2007-2010 жылдар аралығында Атырау мұнай және газ институтын сол сала мамандығы бойынша бітірген. Кейін Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде құрылыс мамандығы бойынша жоғары білім алды.

    Қызметкерлер

    Таласбекова Злиха Елубаевна

    Мәслихат аппаратының басшысы

    Злиха Елубайқызы Таласбекова-1965 жылы 22 тамызда Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылында дүниеге келген. Білімі-жоғары. 1996 жылы Атырау университетін бітірген.Х.Досмұхамедова "бастауыш мектептің педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы бойынша, 2020 жылы Атырау инженерлік - гуманитарлық институты"Экономика"мамандығы бойынша. "Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл" мерейтойлық медалімен," Астана - 20 жыл" мерейтойлық медалімен,"Алтын Қыран"төсбелгісімен марапатталған.

    Басқа қызметкерлер

    33
    Қызметкерлер

    Сейтқалиева Альмира Қабижанқызы

    Мәслихаттың негізгі қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

    1979 жылы Атырау облысы, Атырау қаласында дүниеге келген. Білімі - жоғары, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген.

    Қызметкерлер

    Жалғас Айгүл Жалғасқызы

    Мәслихаттың ұйымдастыру және құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы

    Жалғас Айгүл Жалғасқызы - 1991 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 2021-2024 жыл аралығында Х.Досмұхамедов атындағы университетінде "бизнес процесстерінің есебі, аудиті және талдауы" мамандығын аяқтаған.

    Қызметкерлер

    Жамбылов Мереке Жамбылұлы

    Мәслихаттың негізгі жұмысын қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы

    Жамбылов Мереке Жамбылұлы - 1981 жылы Атырау облысы, Құрманғазы ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген.

    Қызметкерлер

    Мусиева Айжан Жолдасқалиқызы

    Мәслихаттың ұйымдастыру және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы

    Мусиева Айжан Жолдасқалиқызы - 1981жылы Атырау облысы Атырау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Батыс - Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін бітірген.

    Қызметкерлер

    Ержанова Ақжүніс Халыққызы

    Мәслихаттың ұйымдастыру және құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы

    Ержанова Ақжүніс Халыққызы - 1991 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қаракөл селосында дүниеге келген. Білімі жоғары. Атырау мұнай және газ институтын, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін тәмамдаған.

    Ғинятова Наргиз Жұмагелдіқызы
    Қызметкерлер

    Ғинятова Наргиз Жұмагелдіқызы

    Мәслихаттың негізгі қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы

    Ғинятова Наргиза Жұмагелдіқызы - 1995 жылы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылында дүниеге келген. Білімі - жоғары. Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің "Мемлекеттік және жергілікті басқару"мамандығы бойынша білім алған.

    Сарсембаева Айжан Махсутовна
    Қызметкерлер

    Сарсембаева Айжан Махсутовна

    № 17 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Сарсембаева Айжан Махсутовна- 1968 жылы 27 ақпанда Гурьев облысы, Гурьев қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1991 жылы Гурьев педагогикалық институтын, 2003 жылы Каспий қоғамдық Университетін бітірген. Алғаш еңбек жолын 1991 жылы Ж.Жабаев атындағы №21 орта мектепте ұстаздық қызметтен бастады. 1999-2005 жылдары Қазақстан Экономика және құқық институтының Атырау филиалында аға оқытушы. 2003-2009 жылдары Атырау Бизнес және құқық колледжі директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары лауазымдарында жұмыс атқарды. 2015 жылдан бастап Атырау қалалық білім бөліміне қарасты №22 «Еркетай» балабақшасының директоры. 2017 жылдан бастап ҚМҚК №18 «Балдырған» бөбекжай-бақшасының директоры қызметін атқаруда. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғ.Бисембаевтың қатысуымен өткен панельдік сессияда қала Мәслихатының депутаты А.Сәрсембаева балабақшадан орын алу тәртібі бойынша «Индиго24» сайтына қатысты мәселе көтерді. «Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл мерекелік медалімен, «Nur Otan» партиясы төрағасы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың, ҚР Білім және ғылым министрінің, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Алғыс хаты»(2022ж;2023ж.) «Amanat» партиясы төрағасы Е.Қошанов «Құрмет грамотасы» (2022ж.) Атырау облысының әкімінің, Атырау облысы Білім Басқармасы, Атырау қалалық Білім бөлімінің, Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінің, Атырау облыстық қоғамдық-саяси газет «Салауаттылық серігіміз», «Үш Қиян» баспасының Алғыс хаттарымен және Құрмет грамотасымен және Атырау облысы Қазақстан ассамблеясының Дипломымен марапатталған. Отбасылы, 5 баласы бар, «AMANAT» партиясының мүшесі. Атырау қаласы Мәслихатының VII және VIII сайланған депутаты.

    Нуркалиев Болатбай Серикович
    Қызметкерлер

    Нуркалиев Болатбай Серикович

    № 10 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Нуркалиев Болатбай Серикович 1978 жылы 17 мамырда Қызылқоға ауданы, Сағыз селосында дүниеге келді. Білімі жоғары. 1995 жылы Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы университетін, 2004 жылы Алматы қаласы, Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар мен әлем тілдері университетін бітіріп, 2006 жылы Әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінің педагогика және психология магистрі атанды Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының, Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Қалалық білім бөлімінің, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Атырау облысы бойынша филиалының, Атырау қаласы физика-математика бағытындағы XII жазғы мектебінің, Атырау облысы Полиция Департаментінің және Қазақстан Білім және Ғылым әлемінің Алғыс хаттарымен және Құрмет грамотасымен марапатталды. Жанұялы, 2 бала тәрбиелеп отыр. Атырау қаласы Мәслихатының VIII сайланған депутаты. «Amanat» партиясының мүшесі.

    Жапалова Камила Абеновна
    Қызметкерлер

    Жапалова Камила Абеновна

    № 5 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Жапалова Камила Абеновна -1972 жылы 13 қаңтарда Шымкент қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Ә.Қастеев атындағы Шымкент көркемсурет училищесін, 1999 жылы Санкт-Петербург қаласындағы №91 кәсіптік-техникалық училищесін тоқыма кескіндемесі мамандығы бойынша, 2005 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін дизайнер мамандығы бойынша бітірген. 2005-2006 жылдары Қазақстан телерадиокорпорациясының Атырау облыстық филиалында декоратор. 2006-2011 жылдары Махамбет атындағы Қазақ драма театрында декоратор-суретші 2011-2022 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін аға оқытушы. 2016 жылдан бастап «BatikKami» қоғамдық қорының басшысы. Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Ресей суретшілері кәсіптік одағының мүшесі, қазақ өнерінің және Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының Суретшілер академиясының корреспондент мүшесі, «ЮНЕСКО» Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доценті, «BatiKKami» бренді «Қазақстанның үздік тауары» номинациясының жеңімпазы, «Суретші және шығармашылық» номинациясында «New-York Realism Fine Art-2019» алтын медалімен марапатталды. Отбасылы, 2 баласы бар, Атырау қаласы Мәслихатының VIII сайланған депутаты. «Ауыл» партиясының мүшесі.

    Есниязова Мейрамгуль Таргиновна
    Қызметкерлер

    Есниязова Мейрамгуль Таргиновна

    № 19 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Есниязова Мейрамгуль Таргиновна - 1983 жылы 1 наурызда Атырау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2000-2005 жж Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген. Алғашқы еңбек жолын 2004 жылы Б.Нысанбаев орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады. 2004-2014 ж.ж Б.Нысанбаев орта мектебі, мұғалім, директордың тәрбие ісі орынбасары. 2014-2017 ж.ж. «Ақжелкен» шығармашылық орталығы, бас координатор, журналист, жауапты хатшы. 2017-2019 ж.ж. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы, бөлім басшысы. 2019 жылдан бастап «APEC TC» ЖШС-нің, құжаттарды мемлекеттік тілге аудармашысы. Мәслихат депутаты М.Есниязова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Е.Дәуеновпен және Қосымша білім беру департаментінің директоры М.Медетбековамен зумм арқылы тәрбие мәселесіне қатысты талқылауға қатысты. «Жанқиярлық күресі үшін» және «Халық алғысы» медальдарімен марапатталған. Отбасылы, 3 баласы бар, «AMANAT» партиясының мүшесі. Атырау қаласы Мәслихатының VIII сайланған депутаты.

    Нұрланұлы Әміржан
    Қызметкерлер

    Нұрланұлы Әміржан

    № 25 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Әміржан Нұрланұлы 1990 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосында дүниеге келген. Білімі жоғары. Алғаш еңбек жолын 2007 жылы Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында актер қызметінен бастады. Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында қызмет ете жүріп, Театр қайраткерлер Одағының Атырау облыстық филиалының төрағасы, «Stars» орталығының директоры қызметтерін атқарды. 2018 жылы Атырау жастар театрының жетекшісі. 2024 жылдан бастап Атырау облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Атырау Жастар театры» ЖШС-і директорының уақытша міндетін атқарушы. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, «Жыл үздігі-2019» үздік партия спикері, Халықаралық талант сыйлығының және «Халық Алғысы» мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының, «Nur Otan» партиясының, Атырау облысы әкімінің, Атырау қаласы әкімінің, Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды. Отбасылы, 3 қыз тәрбиелеуде. Атырау қаласы Мәслихатының VII-VIII шақырылым депутаты болды. «Amanat» партиясының мүшесі.

    Киздарбаев Аманбай Киздарбаевич
    Қызметкерлер

    Киздарбаев Аманбай Киздарбаевич

    № 1 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Киздарбаев Аманбай Киздарбаевич - 1972 жылы 13 ақпанда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1990 жылы Павлодар қаласындағы педагогикалық институтынының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің жаттықтырушы мұғалім мамандағын бітірген. Еңбек жолын 1989-1990 жылдары Қызылқоға аудандық оқу бөлімінің жаттықтырушысынан бастаған. 1990-2013 жылдары №1 Олимпиядалық резервін мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің күрестен жаттықтырушы, спортшы-нұсқаушы. 2013 жылы №4 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің директоры. 2015 жылы Атырау облысы Жоғарғы Спорт шеберлігі мектебінің директоры. 2018 жылдан бері қазіргі уақытқа дейін Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Мүгедектердің спорттық клубы» КМҚК-ның директоры. Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін жеңімпазы, КСРО спорт шебері, Азия Чемпионатына қатысып, үздік 5-тіктен көрінді, Каспий Аймақтық Универсиадасының чемпионы, Көптеген Республикалық, Халықаралық жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегері, Болгарияның Бургас қаласында самбо күресінен ардагерлер арасында өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы, Халықаралық Дәрежедегі спорт шебері мен Италия елінде Ольбия қаласында дзюдо күресінен ардагерлер арасында Әлем чемпионаты. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы», «Құрметті спорт ардагері», «Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы» атақтарымен, «Қазақ күресіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, «Спорт жұлдыздары» республикалық редакция алқасының шешімімен «Дене шынықтыру және спортты дамытуға қосқан үлесі үшін», «Білім саласын дамытуға қосқан еңбегі үшін» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Спорт және Мәдениет министрлігінің, Атырау облысы әкімінің, Қазақстан Республикасының қазақ күресі федерациясының және Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының Алғыс хаттарымен марапатталды. Отбасылы, 2 баласы бар, «БАЙТАҚ» партиясының мүшесі. Атырау қаласы Мәслихатының VIII сайланған депутаты.

    Джумагалиев Утемис Буранбаевич
    Қызметкерлер

    Джумагалиев Утемис Буранбаевич

    № 8 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Өтеміс Боранбайұлы Жұмағалиев 5 қазан 1977 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 1992-1995 жылдары №4 кәсіби-техникалық училищеде «мұнай-химия жабдығын реттеуші» мамандығын алған, 1996-2001 жылдары Атырау мұнай және газ институтында жоғарғы білім алып, «Мұнай-газ құрылыстарының инженер-механигі» мамандығын алған. Еңбек жолын 2001 жылы «Джумагалиев У.Б.» жеке кәсіперліктен бастаған. 2003-2005 жылдар «Мейір Атырау» жауапкершілігі шектеулі серіктесігінің директоры. 2005-2008 жылдары «Агро-Тағам» жауапкершілігі шектеулі серіктесігінің директоры. 2008 жылдан күні бүгінге дейін «Джумагалиев» шаруа қожалығының (жылыжай шаруашылығы) директоры 2020-2021 жылдары Атырау қаласы Қоғамдық кеңес мүшесі. 2023 жылдың сәуір айынан бастап Атырау қаласы Мәслихатының VIII сайланым депутаты, Мәслихаттың Экология, табиғатты пайдалану және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты Комиссия мүшесі. Алғыс хаттары: 2010 ж. «Жыл қалаулысы-2010» жыл қорытындысы бойынша «Үздік ауыл шаруашылығы қызметкері» 2013 ж. Атырау қаласының әкімі С.Айдарбековтың «Алғыс хаты» 2014 ж. «Жыл адамы-2014» жыл қорытындысы бойынша «Ауыл шаруашылығы саласының жыл қызметкері» 2017 ж. Атырау қаласы әкімінің орынбасары М.Қалауидің «Алғыс хаты» Праймериз 2020. «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы М.Досмұхамбетовтың «Алғыс хаты» 2022 ж. «Мәулімберген» мешітінің бас имамы М.Бағытжановтың «Алғыс хаты».

    Кумискалиев Руслан Асылбайұлы
    Қызметкерлер

    Кумискалиев Руслан Асылбайұлы

    № 3 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Күмісқалиев Руслан Асылбайұлы 11 қаңтар 1969 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Сарықамыс ауылында дүниеге келген. 1984-2006 жылдары Атырау мамандандырылған колледжінде «құрылысшы», «мұнайшы» мамандығында білім алған. Білімі – орта. Еңбек жолын 1994 жылы «Теңіз Шевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде аналитик болып бастаған. 2010-2017 жылдары «Норт Каспиан Оперейтинг» Компани Н.В.» компаниясында жоба үйлестірушісі болып қызмет еткен. 2015-2023 жылдары «Жекпе-жек» Атырау ұлттық спорт федерациясының Құрметті президенті. 2023 жылдан бастап күні бүгінге дейін «Байтақ» жасылдар партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы. 2022 жылдан бастап Атырау облыстық Қоғамдық кеңестің экология комиссиясының мүшесі. 2023 жылдың сәуір айынан бастап Атырау қаласы Мәслихатының VIII сайланым депутаты, Мәслихаттың Экология, табиғатты пайдалану және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты Комиссия төрағасы. Атырау қаласының көркеюіне, әлеуметтік, мәдени білім беру, азаматтардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға, дене шықытыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның, Атырау қаласы әкімі А.Құттымұрат-ұлының, спорт федерация президенттерінің «Алғыс хаттарымен» марапатталған.

    Ли Юрий Алексеевич
    Қызметкерлер

    Ли Юрий Алексеевич

    № 2 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Ли Юрий Алексеевич - 1981 жылы 4 мамырда Атырау қаласында дүниеге келген. 1998 жылы В.И. Ленин атындағы № 1 орта мектепті тәмамдап, 1998-2002 жылдар аралығында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Кеден ісі» мамандығы бойынша білім алды. 2008 жылдан бастап Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінде «Стандарттау, метрология және сертификатта» мамандығы бойынша оқыды. 2005 жылы «Компьютерлік технологиялар саласындағы» мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі Республикалық орталықтан сертификаттаудан өтті. 2008 жылы «Институт Перспектив Человека» ЖШС-нен «Банктің проблемалық клиенттерімен тиімді жұмыс істеу» тақырыбында, 2014 жылы Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінен «Кәсіпкерлік негіздер» тақырыбында біліктілігін арттыру курстарынан өтті. 2021-2023 жылдар аралығында «ALMAU» Жоғары бизнес мектебінде оқып, Іскерлік басқару магистрі атағын алды. Еңбек жолын 2003 жылы «ЮСКО Интернэшнл» жабық акционерлік қоғамының Атырау филиалында Кеден брокері лауазымынан бастады. Кейін «Ай.Си.Эс. Инспекшн энд контрол Сервисез Казахстан» ЖШС-нің "Ақжайық", "Балықшы" "Әуежай", "Котяевка" кеден бекеттерінде баға сараптамасы жөніндегі инспектор қызметін атқарды. 2004 жылы «ЮСКО Интернэшнл» жабық акционерлік қоғамының Атырау филиалында Кеден бөлімінің кеңесшісі болып қызмет етті. 2005 жылы Атырау облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау басқармасында Бәсекелестікті қорғау және дамытуды үйлестіру бөлімінің жетекші маманы, сол жылдары «БТА Ипотека «Ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамында посткредиттік қызмет көрсету маманы болып жасады. 2006 жылы «Темірбанк» АҚ Проблемалық кредиттермен жұмыс істеу бөлімінің бастығы. 2008 жылы «NORIN» ЖШС-інде директоры. 2010 жылы «Мұнай-газ саласындағы мамандарды даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық оқу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында Жоба менеджері. 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «International Safety Standard» ЖШС-нің Бас директор-құрылтайшы ретінде жұмыс істеп келеді.. 2019-2021 жылдар аралығында USTUDY “U-future” ЖШС Өңіраралық тестілеу орталығында Атырау филиалының директоры ретінде қосымша қызмет атқарды. 2023 жылдың сәуір айынан бастап Атырау қаласы Мәслихатының VIII сайланым депутаты, Мәслихаттың Экология, табиғатты пайдалану және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты Комиссия мүшесі. Өңірдегі түрлі қоғамдық және қайырымдылық шараларына белсене қатысып қолдау көрсеткені үшін 2023 жылдың қорытындысымен «Меценат депутат» номинациясымен марапатталды.

    Құлбарахов Ақылбек Нұрболатұлы
    Мәслихат депутат

    Құлбарахов Ақылбек Нұрболатұлы

    № 4 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Құлбарахов Ақылбек Нұрболатұлы 1988 жылғы 30 қаңтарда Атырау қаласында дүниеге келген. Атырау қаласының тумасы. 2003–2007 жылдары Атырау политехникалық колледжінде «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша білім алды. 2007–2010 жылдары Атырау мұнай және газ институтын «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша үздік дипломмен тәмамдады. 2021 жылы Орал қаласындағы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірді. 2009–2010 жылдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында Аэромобильдік әскерлер құрамында (Талдықорған қаласы) мерзімді әскери қызметін өтеді.

    Конысбаев Ильяс Лесұлы
    Қызметкерлер

    Конысбаев Ильяс Лесұлы

    № 9 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Конысбаев Ильяс Лесович - 1990 жылдың 15 қаңтарында Атырау қаласында дүниеге келді. 2011 жылы Қазақ-Британ техникалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолын 2011 жылы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» (NCOC, Қашаған жобасы) компаниясында кеңесші қызметінен бастаған. 2018 жылы Теңізшевройл компаниясында келісімшарт бойынша кеңесші болып, 2018-2019 жылдары «Logic Services Kazakhstan» ЖШС құрылыс компаниясының басқарушы директорының орынбасары лауазымын атқарған. 2019-2020 жылдары аралығында «Global Procurement Company» ЖШС бас директоры. 2020-2023 жылдары «DAMU Qurylys Group» ЖШС басқарушы директоры болып қызмет еткен. 2023 жылдан күні бүгінге дейін «Maxwell Energy» ЖШС-нің құрылтайшысы. Жалпыұлттық референдумды ұйымдастыруға, Қазақстан Республикасының Президентін сайлау науқанын өткізу жұмыстарына белсене араласқаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Алғыс хаттарымен», азаматтық қоғам саласын өркендету, волонтерлікті дамытуда қосқан үлесі үшін Ақпарат және қоғамдық даму Министрі А.Умаровтың және облыста паралимпиадалық дзюдо күресінің дамуына қосқан үлесі үшін федерация президенті С.Сунгатовтың алғыс хатымен марапатталды. Ильяс Лесұлы қоғамдық жұмыстағы белсенділігімен қатар қарапайым халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, қайырымдылық шараларға үлесін қосып келеді. 2023 жылы 27-28 сәуір күндері Атырау қаласында өткен «ALTYN ORDA» халықаралық дәстүрлі садақ ату турнирінің жоғары дәрежеде өтуіне атсалысып, ұлттық спорттың дамуына қолдау көрсеткені үшін «BATU HAN ZHEBESI» дәстүрлі садақ ату федерациясының төрағасы М.Бексұлтанның алғыс хатымен марапатталды. 2022 жылдың қорытындысымен қаланың қоғамдық-саяси әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенділігімен араласқаны үшін «Үздік Депутат» номинациясы берілді. Атырау қаласы Мәслихатының VII, VIII сайланым депутаты. Мәслихаттың Экология, табиғатты пайдалану және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты Комиссия мүшесі.

    Губашев Меирбек Уахитұлы
    Қызметкерлер

    Губашев Меирбек Уахитұлы

    № 15 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Меирбек Губашев 1973 жылдың 15 қыркүйегінде Атырау қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. 1995 жылы Алматы энергетикалық институтын «Инженер электрик» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Еңбек жолын Балықшы электр желілері учаскесінде әуе желілерін жөндейтін үшінші разрядты электр монтерінен бастады. 1995 жылдың қыркүйек айынан 1999 жылғы қарашаға дейін Атырау электр желілері энергетикалық кәсіпорнында түрлі инженерлік қызметтерді атқарды. 1999 жылы «KEGOC» АҚ Батыс жүйе аралық желілері филиалында инженер болды. 2008 жылдан Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы қызметін атқарды. 2018 жылдан «Атырау Жарық» акционерлік қоғамының Бірінші вице-президенті – бас инженері лауазымын атқарды. 2023 жылдың қаңтарында «Атырау Жарық» акционерлік қоғамының президенті болып тағайындалды. Мейірбек Уахитұлы ұйымдастырушылық қабілеті жоғары іскер басшы. «AMANAT» партиясының мүшесі. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі. Энергетика саласын дамытуға қосқан үлесі және қоғамдық-саяси өмірге белсенділік танытқаны үшін берілген марапаттары: Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен «Алғыс хат». Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінен «Құрмет грамотасы». "100 лет принятия плана ГОЭЛРО" медалі. «Ембімұнайгаз АҚ-на 100 жыл» мерейтойлық медалі.

    Джаумбаев Каршига Елемесұлы
    Қызметкерлер

    Джаумбаев Каршига Елемесұлы

    № 14 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    1987 жылы Гурьев ауылшаруашылығы техникумын техник-механик, 2005 жылы Каспий қоғамдық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1978 жылы «КазОбувьТорг» сауда базасында жүк тасушыдан басталып, Гурьев механика зауытында слесарь, Гурьев ауылшаруашылығы техникумында ағаш ұстасы, қойма меңгерушісі, Балықшы барлау басқарамсында бұрғышының көмекшісі, «Горбыткомбинат» мекемесінде тері өңдеу шебері, «Лаура» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, «Бақытгүл» шаруа қожалығының басшысы, «БАКАР» Индустриалды-инновациялық Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңесшісі, «Қара бура» шаруа қожалығының басшысы қызметін атқарған. 2021-2023 жылдың сәуір айына дейін Атырау қаласы Мәслихатының төрағасы лауазымында болды. «AMANAT» партиясының мүшесі. Қосымша марапаттары, наградалары: ҚР Мәслихаттарына 20 жылдығына орай Атырау облыстық Мәслихатының «Алғыс хаты»; Атырау облысы әкімінің «Алғыс хаты» 2019, 2020 жыл; ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Алғыс хаты» 2021 жыл; «Қазақстан Мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалі – 2014 жыл; «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі – 2015 жыл; «Біздің депутат» Республикалық қоғамдық-саяси газетінің рейтингі бойынша «Үздік депутат» төсбелгісі-2017 жыл; «Алтын Қыран» төсбелгісі- 2019 жыл; «Атырау облысы Мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалі – 2019 жыл; «Nur Otan» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі – 2020 жыл; «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі – 2021 жыл; Атырау қаласы Мәслихатының Бюджет, қаржы, экономика және өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы;

    Муханжанов Азамат Фаридұлы
    Қызметкерлер

    Муханжанов Азамат Фаридұлы

    № 20 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Азамат Мұханжанов 2011 жылы Атырау инжинерлік-гуманитарлық институтын үздік аяқтады. 2011 жылы «Атырау көлік» мекемесіне механик мамандығы бойынша жұмысқа орналасты. 2012 жылы жеке кәсібін ашып, бүгінгі күні «Нарбай көлік» ЖШС мекемесінің директоры қызметін атқарып келеді. «АMANAT» партиясының мүшесі. Марапаттары: Құрылысшы күніне орай, қала әкімінің «Алғыс хаты» - 2022 жыл; Атырау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін, қала әкімінің «Алғыс хаты» 2023 жыл.

    Саппаев Аскар Мендыгалиевич
    Қызметкерлер

    Саппаев Аскар Мендыгалиевич

    № 21 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Асқар Саппаев Атырау өңірінде туып-өскен. Екі жоғары білімі бар. Еңбек жолын банк саласынан бастаған. Шетелдік компания өкілдіктерінің қаржылық қызметтерін жүргізіп, құрылыс сапасын қадағалаған. Мемлекеттік қызмет саласында біраз еңбек етті. Дүниежүзілік қайта құру және даму банкі қаржыландырған «Атырау қаласындағы сумен жабдықтау және кәріз» пилоттық жобасын іске асыруға қатысып, халыққа ипотекалық кредит беру жобасын әзірлеу мәселелерімен айналысты. Ауқымды жобаларды жүзеге асыру мақсатында Англияда (Cambridge Studio School) білімін жетілдірді. Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнай қоймаларының құрылысына, айналмалы суды салқындату үшін градирнялар салуға, құйма эстакаданы қайта жаңартуға жетекшілік етті. Кәсіпкерлік саласына бет бұрып, 2004 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Эталон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Көктем» шаруа қожалықтарын басқарып келеді. «АMANAT» партиясының мүшесі.

    Танбаева Гульнафис Абдиллаевна
    Қызметкерлер

    Танбаева Гульнафис Абдиллаевна

    № 7 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Гульнафис Танбаева, 1976 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Аққұдық елді мекенінде дүниеге келді. 1982-1992 жылдар аралығында Қызылқоға ауданы Кенбай орта мектебінде жалпы орта білім алды. 1992-1998 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының «емдеу ісі» мамандығы бойынша жоғары білім алып, 1998-1999 жылдары Атырау облыстық психиатриялық ауруханасында психиатрия бойынша интернатурадан өтті. «Жоғары санаттағы әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау ұйымдастырушысы», «Психиатрия бойынша жоғары біліктілік санаты» дәрігер. «Alma U» университетінің Іскерлік әкімшілендіру магистрі. Қазіргі таңда «Alma U» университетінің «DBА» докторантурасында білім алуда. Еңбек жолы 1999 жылдан басталды, бүгінге дейінгі аралықта: Атырау облыстық психиатриялық ауруханасында дәрігер-психиатр, Атырау қалалық медициналық жедел жәрдем станциясы Бас дәрігердің орынбасары, Интертич отбасылық дәрігерлік амбулаториясы жеке клиникасында аға дәрігер, Бас дәрігердің орынбасары, Атырау облыстық психиатриялық ауруханасы Бас дәрігердің орынбасары, Атырау облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының Бас дәрігері, Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы Басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін №7 Атырау қалалық емханасының директоры болып қызмет атқарады. "AMANAT" партиясының мүшесі.

    Темиргалиев Алибек Нариманович
    Қызметкерлер

    Темиргалиев Алибек Нариманович

    № 22 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Әлібек Темірғалиев 2006 жылы Атырау мұнай және газ институтын «Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» мамандығын бітіріп, «Инженер-механик» біліктілігін алған. 1989 жылы Гурьев политехникалық техникумын бітіріп, 1991 жылы Отан алдындағы борышын өтеді. Еңбек жолын Атырау облысының энергетика жүйесінде «Атырау жылу жүйелері» АҚ диспетчер болып бастады. 1998 жылы – аға диспетчер, 1999 жылы – диспетчерлік қызмет бастығының орынбасары, 2001 жылы диспетчерлік қызмет бастығы. 2002 жылы бірінші тете-президент, 2012 жылы «Атырау жылу жүйелері» АҚ-ның өндірістік және жөдеу мәселелері жөніндегі тете-президент, 2017 жылы оперативті жіне пайдалану жөніндегі тете-президент, 2020 – 2023 жылдары аралығында Бірінші тете-президент. 2023 жылдың 16-қаңтарынан бастап, күні бүгінге дейін «Атырау жылу жүйелері» акционерлік қоғамының президенті. Әлібек Нариманұлының ұйымдастырушылық қабілеті жоғары іскер басшы. «AMANAT» партиясының мүшесі. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі. Энергетика саласын дамытуға қосқан үлесі және қоғамдық-саяси өмірге белсенділік танытқаны үшін берілген марапаттары: Жоғары еңбек жетістіктері, мінсіз іскерлік беделі, кәсіпорынның дамуына кәсіби үлесі үшін «Жылдың үздік маманы». Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығының «Еңбегі сіңген энергетик» төсбелгісі. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығының «Құрмет грамотасы». Атырау қаласы әкімінің «Алғыс хаты». Атырау облысы әкімінің «Алғыс хаты». «Атырау облысы энергетика жүйесіне 45 жыл» мерекелік медалі. «Еңбектегі жетістіктері үшін» естелік төс белгісі.

    Сарсенов Рафик Насихатұлы
    Қызметкерлер

    Сарсенов Рафик Насихатұлы

    № 6 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Сарсенов Рафик Насихатович - 1988 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Еңбек жолы 2009 жылы Алматы қаласының әкімшілігінің халықпен жұмыс бөлімінің бас маманынан басталып, 2009-2011ж.ж. аралығында «Syssenbek Sultan» ЖШС-нің сапаны бақылау инженері, 2011-2015ж.ж. аралығында «West Logistics Group» сапаны бақылау инженерінің көмекшісі, 2015-2016ж.ж. аралығында «World Monitoring Partners» ЖШС-нің Үйлестірушісі, 2016-2017ж.ж. аралығында «NR Center» ЖШС-нің Үйлестірушісі, 2020 жылы «Atyrau&LawCompany» ЖШС-нің бас директоры, 2017-2023ж.ж. аралығында «KazGroupPartners» ЖШС-нің бас директоры қызметін атқаруда.

    Кулмагамбетов Вадим Равилұлы
    Қызметкерлер

    Кулмагамбетов Вадим Равилұлы

    № 11 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Кулмагамбетов Вадим Равильевич - 1978 жылы туған. 1995-1999 жж. аралығында Қазақ Мемлекеттік Заң Университетінде жоғары білім алып, заңгер мамандығы бойынша бітірді. 1999 – 2004 ж.ж. аралығында Атырау облысының Прокуратурасында стажер, Атырау қаласы прокурорының көмекші, аға көмекшісі, аға прокурорлар бөлімінің бастығы. 2004-2005 ж.ж. аралығында Атырау облысы адвокаттар алқасы сынақ мерзімін өтуші адвокат. 2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Атырау –көлік» ЖШС-нің заңгері.

    Есенғожин Бекзат Ғизатұлы
    Қызметкерлер

    Есенғожин Бекзат Ғизатұлы

    № 12 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Мен Есенғожин Бекзат Ғизатұлы 1977 жылы 25 қаңтарда Жамбыл облысында дүниеге келдім. Әкем Есенғожин Ғизат Раушанұлы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Мұқыр станциясында дүниеге келген, анам Қыдырбаева Мақтагүл Жамбыл облысынан. Ол кезде ата-анам Жамбыл қаласында студент болған, сол жылдары отау құрып, мен дүниеге Жамбыл облысында келдім. Ата-анам оқуларын бітіріп, Мұқыр станциясына (ол кезде Гурев қаракөл қой зауыты деп аталған) оралып, зейнеткерлікке шыққанша совхозда еңбек етті. Менің бүкіл балалық шағым сол Мұқыр станциясында өтті, 1994 жылы Мұқыр орта мектебін тәмәмдап, Құлсары қаласында бірінші еңбек жолын құрлысшы мамандығымен бастадым. 1996-1998 жылдары әскер қатарында Орал қаласында болдым. 1998 жылы Тенгиз мұнай-кен орнына еңбек жолын жалғастырып, содан 2022 жылға дейін қызмет жасадым. Ортасында 2008-2013 жылдар аралығында «Қашаған» кен орнында «Аджип КСО» компаниясында қызмет жасадым. Соңғы жұмыс орным 2015 – 2022 жылдар аралығында «Теңізшевройл» компаниясында Еңбек қатынасы бөлімінің басшысы болып жұмыс жасадым. 1999 – 2004 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеттін заңгер мамандығы бойынша бітірдім. 2020 - 2023 жылдары Мәскеу мемлекеттік емес жеке меншік жоғары оқу орны «Синергия» қаржы-өндірістік университетін заңгер мамандығы бойынша, магистратурасын бітірдім. Мамандығым заңгер - магистр және еңбек дауы бойынша сарапшымын. Көптеген Тенгизшевройл, Аджип КСО, Казфосфат сияқты ірі компанияларында әлеуметтік қарым-қатынас саласында қызмет атқардым. Қазіргі уақытта “Kazakh Construction Group” ЖШС Әлеуметтік сұрақтар бойынша Бас менеджер болып қызмет атқарамын. Біздің жоба «Ескене» елді мекенінде жылына 1 мрд м3 газ өндіретін завод салуда. Балалы шағалы отбасымын, самбо, дзюдо күрестерінен спорт шеберіне үміткер ардагер спортшымын.

    Батаев Ануарбек Жолдасович
    Қызметкерлер

    Батаев Ануарбек Жолдасович

    № 13 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Батаев Ануарбек Жолдасұлы - 1994 жылы Атырау қаласында туған. 2017 жылдары Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінде жоғары білім алып, дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 2010 жылдан Атырау промвентиляция мекемесінде монтажшы мамандығы бойынша бастады, 2013 жылдан АНПЗ мекемесінде ГБР күзетші қызметін атқарды. 2016 жылдан бастап Ұлттық жекпе-жек спорт түрінен жаттықтырушы болып келеді. 2017-2021 жылдар аралығында Мұнай көлік мекемесінде жол қауіпсіздігі қызметін атқарды. 2018 жылы «Арлан» кәсіби спорт клубы қоғамдық бірлестігін ашты. 2021 жылдан бастап, №2 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы.

    Ажгалиев Бауржан Утепкалиевич
    Қызметкерлер

    Ажгалиев Бауржан Утепкалиевич

    № 23 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Еңбек жолы 1989 жылы Гурьев мұнай өңдеу зауытында басталып, 1995 жылға дейін жұмыс істеді. 1995 жылдан 1998 жылға дейін ALRUR операторы, содан кейін «Дидар» ЖШС ALRUR бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 1998-2000 жылдар аралығында «Рауан» ЖШС-де бөлім меңгерушісі, 2001-2012 жылдар аралығында техникалық директор болып жұмыс істеді.2006-2012 жылдар аралығында «РауанНалко» ЖШС өндіріс директоры қызметін атқарды. 2012 жылдың тамыз айынан бастап «РауанНалко» ЖШС бас директоры болып жұмыс істейді. 2023 жылдың маусым айынан бастап «РауанНалко» ЖШС компания атауының «RauanNTech» ЖШС болып қайта аталуына байланысты бас директор қызметін атқаруда. Бауыржан Өтепқалиұлы жауапкершілігі мол, еңбекқор, ұқыпты. Өндірістік мәселелерді шешудегі ептілігі, адамдарға деген ұқыптылықпен ұштасып, ұжым арасында лайықты құрмет пен беделге ие болды.

    Мурзагалиев Бейбит Темирбекович
    Қызметкерлер

    Мурзагалиев Бейбит Темирбекович

    № 24 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Мырзагалиев Бейбіт Темірбекұлы - 1984 жылы туған. 2008 жылы Атырау облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы, 2008-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің 5511 әскери бөлімінде әскери борышын өтеді. 2009 жылы Исатай аудандық білім бөлімінде әдіскер, 2010 жылы аудандық оқушылар үйінде директор, Өркен орта мектебінде директоры, 2011 жылы «Нұр Отан» партиясы Исатай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2014 жылы Аққыстау орта мектебінің директоры, 2015 жылы Исатай аудандық білім бөлімінің басшысы, 2017 жылы Исатай ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек етті. 2020 жылы «AMANAT» партиясы Атырау қалалық филиалының атқарушы хатшысы, 2023 жылдан бастап «AMANAT» партиясы Атырау қалалық филиалының төрағасы, қазіргі уақытта Атырау облысы «Amanat» партиясының бөлім басшысы қызметін атқарып келеді.

    Қызметкерлер

    Умбетова Алтынай Сембековна

    Мәслихаттың негізгі қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы

    Умбетова Алтынай Сембековна - 1985 жылы 7 маусымда Атырау қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2010 жылы "Нұр Отан" ХДП Атырау қалалық филиалында қоғамдық бақылау бөлмесінің меңгерушісі болып бастаған. 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Мәслихаттың негізгі қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы қызметін атқарады.

    Қызметкерлер

    Балмуханкызы Гулжанат

    Мәслихаттың негізгі қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы

    Балмуханқызы Гүлжанат -1986 жылы 12 қарашада Атырау қаласында дүниеге келген. Білімі - жоғары. 2008 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде "журналистика" мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын 2007 жылы "Атырау today" газетінде журналист болып бастаған. 2022 жылдың қаңтар айынан қазіргі уақытқа дейін Мәслихаттың негізгі қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы қызметін атқарады.

    Қапанов Өркен Бахтиярұлы
    Қызметкерлер

    Қапанов Өркен Бахтиярұлы

    № 16 сайлау округі

    Қапанов Өркен Бақтиярұлы - 1964 жылы 13 тамызда Гурьев қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Ауыл партиясының мүшесі. 2022 жылдан бастап Атырау облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі. 1987 жылы Орман шаруашылық инженері біліктілігі бойынша Қазақтың мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын және 2015 жылы бакалавр финанс біліктілігі бойынша Евразиялық Академиясын бітірді.

    Избасов Нұрбек Максимұлы
    Қызметкерлер

    Избасов Нұрбек Максимұлы

    № 18 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Избасов Нұрбек Максимұлы 1985 жылғы 22 тамызда Атырау облысында дүниеге келген. Білімі-жоғары, Қазақстан-Британ Техникалық Университетінің Мұнай және газ факультетін, 2014 - 2016 жылдары И.М. Губкина атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті магистратурасының "Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы "Кульсарынефть" мұнай-газ өндіру басқармасында коммерциялық оператор қызметінен бастаған. 2006 - 2016 жылдары «Тенгизшевройл» ЖШС-де, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ-де, "КАСПИЙМҰНАЙГАЗ" Ғылыми-зерттеу және жобалау институты" АҚ- да түрлі лауазымдарда еңбек етті. 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Alash construction and Services» ЖШС, «Smart Solution Services» ЖШС және «Riza Tech» ЖШС- де құрылыс-монтаж ұйымында басшылық лауазымдарында қызмет атқарып келеді. «AMANAT» партиясының мүшесі.