
Джаумбаев Каршига Елемесұлы
№ 14 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты
Өмірбаян
1987 жылы Гурьев ауылшаруашылығы техникумын техник-механик, 2005 жылы Каспий қоғамдық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1978 жылы «КазОбувьТорг» сауда базасында жүк тасушыдан басталып, Гурьев механика зауытында слесарь, Гурьев ауылшаруашылығы техникумында ағаш ұстасы, қойма меңгерушісі, Балықшы барлау басқарамсында бұрғышының көмекшісі, «Горбыткомбинат» мекемесінде тері өңдеу шебері, «Лаура» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, «Бақытгүл» шаруа қожалығының басшысы, «БАКАР» Индустриалды-инновациялық Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңесшісі, «Қара бура» шаруа қожалығының басшысы қызметін атқарған. 2021-2023 жылдың сәуір айына дейін Атырау қаласы Мәслихатының төрағасы лауазымында болды.
«AMANAT» партиясының мүшесі.
Қосымша марапаттары, наградалары:
ҚР Мәслихаттарына 20 жылдығына орай Атырау облыстық Мәслихатының «Алғыс хаты»;
Атырау облысы әкімінің «Алғыс хаты» 2019, 2020 жыл;
ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Алғыс хаты» 2021 жыл;
«Қазақстан Мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалі – 2014 жыл;
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі – 2015 жыл;
«Біздің депутат» Республикалық қоғамдық-саяси газетінің рейтингі бойынша «Үздік депутат» төсбелгісі-2017 жыл;
«Алтын Қыран» төсбелгісі- 2019 жыл;
«Атырау облысы Мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалі – 2019 жыл;
«Nur Otan» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі – 2020 жыл;
«Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі – 2021 жыл;
Атырау қаласы Мәслихатының Бюджет, қаржы, экономика және өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы;




