
Ажгалиев Бауржан Утепкалиевич
№ 23 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты
Өмірбаян
Еңбек жолы 1989 жылы Гурьев мұнай өңдеу зауытында басталып, 1995 жылға дейін жұмыс істеді.
1995 жылдан 1998 жылға дейін ALRUR операторы, содан кейін «Дидар» ЖШС ALRUR бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
1998-2000 жылдар аралығында «Рауан» ЖШС-де бөлім меңгерушісі, 2001-2012 жылдар аралығында техникалық директор болып жұмыс істеді.2006-2012 жылдар аралығында «РауанНалко» ЖШС өндіріс директоры қызметін атқарды.
2012 жылдың тамыз айынан бастап «РауанНалко» ЖШС бас директоры болып жұмыс істейді.
2023 жылдың маусым айынан бастап «РауанНалко» ЖШС компания атауының «RauanNTech» ЖШС болып қайта аталуына байланысты бас директор қызметін атқаруда. Бауыржан Өтепқалиұлы жауапкершілігі мол, еңбекқор, ұқыпты.
Өндірістік мәселелерді шешудегі ептілігі, адамдарға деген ұқыптылықпен ұштасып, ұжым арасында лайықты құрмет пен беделге ие болды.




