
Джумагалиев Утемис Буранбаевич
№ 8 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты
Өмірбаян
Өтеміс Боранбайұлы Жұмағалиев 5 қазан 1977 жылы Атырау қаласында дүниеге келген.
1992-1995 жылдары №4 кәсіби-техникалық училищеде «мұнай-химия жабдығын реттеуші» мамандығын алған, 1996-2001 жылдары Атырау мұнай және газ институтында жоғарғы білім алып, «Мұнай-газ құрылыстарының инженер-механигі» мамандығын алған.
Еңбек жолын 2001 жылы «Джумагалиев У.Б.» жеке кәсіперліктен бастаған.
2003-2005 жылдар «Мейір Атырау» жауапкершілігі шектеулі серіктесігінің директоры.
2005-2008 жылдары «Агро-Тағам» жауапкершілігі шектеулі серіктесігінің директоры.
2008 жылдан күні бүгінге дейін «Джумагалиев» шаруа қожалығының (жылыжай шаруашылығы) директоры
2020-2021 жылдары Атырау қаласы Қоғамдық кеңес мүшесі.
2023 жылдың сәуір айынан бастап Атырау қаласы Мәслихатының VIII сайланым депутаты, Мәслихаттың Экология, табиғатты пайдалану және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты Комиссия мүшесі.
Алғыс хаттары:
2010 ж. «Жыл қалаулысы-2010» жыл қорытындысы бойынша «Үздік ауыл шаруашылығы қызметкері»
2013 ж. Атырау қаласының әкімі С.Айдарбековтың «Алғыс хаты»
2014 ж. «Жыл адамы-2014» жыл қорытындысы бойынша «Ауыл шаруашылығы саласының жыл қызметкері»
2017 ж. Атырау қаласы әкімінің орынбасары М.Қалауидің «Алғыс хаты»
Праймериз 2020. «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы М.Досмұхамбетовтың «Алғыс хаты»
2022 ж. «Мәулімберген» мешітінің бас имамы М.Бағытжановтың «Алғыс хаты».




