Губашев Меирбек Уахитұлы

    № 15 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Губашев Меирбек Уахитұлы
    Депутат маслихата

    Губашев Меирбек Уахитұлы

    № 15 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Өмірбаян

    Меирбек Губашев 1973 жылдың 15 қыркүйегінде Атырау қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. 1995 жылы Алматы энергетикалық институтын «Инженер электрик» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

    Еңбек жолын Балықшы электр желілері учаскесінде әуе желілерін жөндейтін үшінші разрядты электр монтерінен бастады. 1995 жылдың қыркүйек айынан 1999 жылғы қарашаға дейін Атырау электр желілері энергетикалық кәсіпорнында түрлі инженерлік қызметтерді атқарды. 1999 жылы «KEGOC» АҚ Батыс жүйе аралық желілері филиалында инженер болды. 2008 жылдан Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы қызметін атқарды.

    2018 жылдан «Атырау Жарық» акционерлік қоғамының Бірінші вице-президенті – бас инженері лауазымын атқарды.

    2023 жылдың қаңтарында «Атырау Жарық» акционерлік қоғамының президенті болып тағайындалды.

    Мейірбек Уахитұлы ұйымдастырушылық қабілеті жоғары іскер басшы.

    «AMANAT» партиясының мүшесі.

    Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі.

    Энергетика саласын дамытуға қосқан үлесі және қоғамдық-саяси өмірге белсенділік танытқаны үшін берілген марапаттары:

    Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен «Алғыс хат».

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінен «Құрмет грамотасы».

    "100 лет принятия плана ГОЭЛРО" медалі.

    «Ембімұнайгаз АҚ-на 100 жыл» мерейтойлық медалі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері