
Нуркалиев Болатбай Серикович
№ 10 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты
Өмірбаян
Нуркалиев Болатбай Серикович 1978 жылы 17 мамырда Қызылқоға ауданы, Сағыз селосында дүниеге келді. Білімі жоғары.
1995 жылы Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы университетін, 2004 жылы Алматы қаласы, Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар мен әлем тілдері университетін бітіріп, 2006 жылы Әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінің педагогика және психология магистрі атанды
Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының, Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Қалалық білім бөлімінің, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Атырау облысы бойынша филиалының, Атырау қаласы физика-математика бағытындағы XII жазғы мектебінің, Атырау облысы Полиция Департаментінің және Қазақстан Білім және Ғылым әлемінің Алғыс хаттарымен және Құрмет грамотасымен марапатталды.
Жанұялы, 2 бала тәрбиелеп отыр.
Атырау қаласы Мәслихатының VIII сайланған депутаты. «Amanat» партиясының мүшесі.
Еңбек жолын 1998 жылы Алматы облысы, Г.Бокин атындағы орта мектебінен бастаған.
2006-2007 жылдары Әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінің жалпы және этникалық педагогика кафедрасында мұғалімі.
2011-2015 жылдары Атырау қаласындағы Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп-гимназиясында директор орынбасары.
2015 жылы А.Чехов атындағы №14 орта мектебінде директоры.
2022 жылдан бастап «Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «Жалпы білім беретін» №12 Ф.Досымова атындағы орта мектебі мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқаруда.




