
Киздарбаев Аманбай Киздарбаевич
№ 1 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты
Өмірбаян
Киздарбаев Аманбай Киздарбаевич - 1972 жылы 13 ақпанда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосында дүниеге келген. Білімі жоғары.
1990 жылы Павлодар қаласындағы педагогикалық институтынының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің жаттықтырушы мұғалім мамандағын бітірген.
Еңбек жолын 1989-1990 жылдары Қызылқоға аудандық оқу бөлімінің жаттықтырушысынан бастаған.
1990-2013 жылдары №1 Олимпиядалық резервін мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің күрестен жаттықтырушы, спортшы-нұсқаушы.
2013 жылы №4 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің директоры.
2015 жылы Атырау облысы Жоғарғы Спорт шеберлігі мектебінің директоры.
2018 жылдан бері қазіргі уақытқа дейін Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Мүгедектердің спорттық клубы» КМҚК-ның директоры.
Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін жеңімпазы, КСРО спорт шебері, Азия Чемпионатына қатысып, үздік 5-тіктен көрінді, Каспий Аймақтық Универсиадасының чемпионы, Көптеген Республикалық, Халықаралық жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегері, Болгарияның Бургас қаласында самбо күресінен ардагерлер арасында өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы, Халықаралық Дәрежедегі спорт шебері мен Италия елінде Ольбия қаласында дзюдо күресінен ардагерлер арасында Әлем чемпионаты.
«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы», «Құрметті спорт ардагері», «Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы» атақтарымен, «Қазақ күресіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, «Спорт жұлдыздары» республикалық редакция алқасының шешімімен «Дене шынықтыру және спортты дамытуға қосқан үлесі үшін», «Білім саласын дамытуға қосқан еңбегі үшін» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Спорт және Мәдениет министрлігінің, Атырау облысы әкімінің, Қазақстан Республикасының қазақ күресі федерациясының және Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Отбасылы, 2 баласы бар, «БАЙТАҚ» партиясының мүшесі.
Атырау қаласы Мәслихатының VIII сайланған депутаты.




