Сарсембаева Айжан Махсутовна

    № 17 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Сарсембаева Айжан Махсутовна
    Депутат маслихата

    Сарсембаева Айжан Махсутовна

    № 17 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Өмірбаян

    Сарсембаева Айжан Махсутовна- 1968 жылы 27 ақпанда Гурьев облысы, Гурьев қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.

    1991 жылы Гурьев педагогикалық институтын, 2003 жылы Каспий қоғамдық Университетін бітірген.

    Алғаш еңбек жолын 1991 жылы Ж.Жабаев атындағы №21 орта мектепте ұстаздық қызметтен бастады.

    1999-2005 жылдары Қазақстан Экономика және құқық институтының Атырау филиалында аға оқытушы.

    2003-2009 жылдары Атырау Бизнес және құқық колледжі директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары лауазымдарында жұмыс атқарды.

    2015 жылдан бастап Атырау қалалық білім бөліміне қарасты №22 «Еркетай» балабақшасының директоры.

    2017 жылдан бастап ҚМҚК №18 «Балдырған» бөбекжай-бақшасының директоры қызметін атқаруда.

    Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғ.Бисембаевтың қатысуымен өткен панельдік сессияда қала Мәслихатының депутаты А.Сәрсембаева балабақшадан орын алу тәртібі бойынша «Индиго24» сайтына қатысты мәселе көтерді.

    «Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл мерекелік медалімен, «Nur Otan» партиясы төрағасы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың, ҚР Білім және ғылым министрінің, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Алғыс хаты»(2022ж;2023ж.) «Amanat» партиясы төрағасы Е.Қошанов «Құрмет грамотасы» (2022ж.) Атырау облысының әкімінің, Атырау облысы Білім Басқармасы, Атырау қалалық Білім бөлімінің, Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінің, Атырау облыстық қоғамдық-саяси газет «Салауаттылық серігіміз», «Үш Қиян» баспасының Алғыс хаттарымен және Құрмет грамотасымен және Атырау облысы Қазақстан ассамблеясының Дипломымен марапатталған.

    Отбасылы, 5 баласы бар, «AMANAT» партиясының мүшесі.

    Атырау қаласы Мәслихатының VII және VIII сайланған депутаты.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері