
Кумискалиев Руслан Асылбайұлы
№ 3 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты
Өмірбаян
Күмісқалиев Руслан Асылбайұлы 11 қаңтар 1969 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Сарықамыс ауылында дүниеге келген.
1984-2006 жылдары Атырау мамандандырылған колледжінде «құрылысшы», «мұнайшы» мамандығында білім алған. Білімі – орта.
Еңбек жолын 1994 жылы «Теңіз Шевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде аналитик болып бастаған.
2010-2017 жылдары «Норт Каспиан Оперейтинг» Компани Н.В.» компаниясында жоба үйлестірушісі болып қызмет еткен.
2015-2023 жылдары «Жекпе-жек» Атырау ұлттық спорт федерациясының Құрметті президенті.
2023 жылдан бастап күні бүгінге дейін «Байтақ» жасылдар партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы.
2022 жылдан бастап Атырау облыстық Қоғамдық кеңестің экология комиссиясының мүшесі.
2023 жылдың сәуір айынан бастап Атырау қаласы Мәслихатының VIII сайланым депутаты, Мәслихаттың Экология, табиғатты пайдалану және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты Комиссия төрағасы.
Атырау қаласының көркеюіне, әлеуметтік, мәдени білім беру, азаматтардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға, дене шықытыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның, Атырау қаласы әкімі А.Құттымұрат-ұлының, спорт федерация президенттерінің «Алғыс хаттарымен» марапатталған.




