
Конысбаев Ильяс Лесұлы
№ 9 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты
Өмірбаян
Конысбаев Ильяс Лесович - 1990 жылдың 15 қаңтарында Атырау қаласында дүниеге келді. 2011 жылы Қазақ-Британ техникалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 2011 жылы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» (NCOC, Қашаған жобасы) компаниясында кеңесші қызметінен бастаған.
2018 жылы Теңізшевройл компаниясында келісімшарт бойынша кеңесші болып, 2018-2019 жылдары «Logic Services Kazakhstan» ЖШС құрылыс компаниясының басқарушы директорының орынбасары лауазымын атқарған.
2019-2020 жылдары аралығында «Global Procurement Company» ЖШС бас директоры.
2020-2023 жылдары «DAMU Qurylys Group» ЖШС басқарушы директоры болып қызмет еткен.
2023 жылдан күні бүгінге дейін «Maxwell Energy» ЖШС-нің құрылтайшысы.
Жалпыұлттық референдумды ұйымдастыруға, Қазақстан Республикасының Президентін сайлау науқанын өткізу жұмыстарына белсене араласқаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Алғыс хаттарымен», азаматтық қоғам саласын өркендету, волонтерлікті дамытуда қосқан үлесі үшін Ақпарат және қоғамдық даму Министрі А.Умаровтың және облыста паралимпиадалық дзюдо күресінің дамуына қосқан үлесі үшін федерация президенті С.Сунгатовтың алғыс хатымен марапатталды. Ильяс Лесұлы қоғамдық жұмыстағы белсенділігімен қатар қарапайым халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, қайырымдылық шараларға үлесін қосып келеді. 2023 жылы 27-28 сәуір күндері Атырау қаласында өткен «ALTYN ORDA» халықаралық дәстүрлі садақ ату турнирінің жоғары дәрежеде өтуіне атсалысып, ұлттық спорттың дамуына қолдау көрсеткені үшін «BATU HAN ZHEBESI» дәстүрлі садақ ату федерациясының төрағасы М.Бексұлтанның алғыс хатымен марапатталды.
2022 жылдың қорытындысымен қаланың қоғамдық-саяси әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенділігімен араласқаны үшін «Үздік Депутат» номинациясы берілді.
Атырау қаласы Мәслихатының VII, VIII сайланым депутаты.
Мәслихаттың Экология, табиғатты пайдалану және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты Комиссия мүшесі.




