Есенғожин Бекзат Ғизатұлы

    № 12 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Есенғожин Бекзат Ғизатұлы
    Депутат маслихата

    Есенғожин Бекзат Ғизатұлы

    № 12 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Өмірбаян

    Мен Есенғожин Бекзат Ғизатұлы 1977 жылы 25 қаңтарда Жамбыл облысында дүниеге келдім. Әкем Есенғожин Ғизат Раушанұлы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Мұқыр станциясында дүниеге келген, анам Қыдырбаева Мақтагүл Жамбыл облысынан. Ол кезде ата-анам Жамбыл қаласында студент болған, сол жылдары отау құрып, мен дүниеге Жамбыл облысында келдім. Ата-анам оқуларын бітіріп, Мұқыр станциясына (ол кезде Гурев қаракөл қой зауыты деп аталған) оралып, зейнеткерлікке шыққанша совхозда еңбек етті. Менің бүкіл балалық шағым сол Мұқыр станциясында өтті, 1994 жылы Мұқыр орта мектебін тәмәмдап, Құлсары қаласында бірінші еңбек жолын құрлысшы мамандығымен бастадым.

    1996-1998 жылдары әскер қатарында Орал қаласында болдым.

    1998 жылы Тенгиз мұнай-кен орнына еңбек жолын жалғастырып, содан 2022 жылға дейін қызмет жасадым. Ортасында 2008-2013 жылдар аралығында «Қашаған» кен орнында «Аджип КСО» компаниясында қызмет жасадым.

    Соңғы жұмыс орным 2015 – 2022 жылдар аралығында «Теңізшевройл» компаниясында Еңбек қатынасы бөлімінің басшысы болып жұмыс жасадым.

    1999 – 2004 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеттін заңгер мамандығы бойынша бітірдім. 2020 - 2023 жылдары Мәскеу мемлекеттік емес жеке меншік жоғары оқу орны «Синергия» қаржы-өндірістік университетін заңгер мамандығы бойынша, магистратурасын бітірдім.

    Мамандығым заңгер - магистр және еңбек дауы бойынша сарапшымын. Көптеген Тенгизшевройл, Аджип КСО, Казфосфат сияқты ірі компанияларында әлеуметтік қарым-қатынас саласында қызмет атқардым.

    Қазіргі уақытта “Kazakh Construction Group” ЖШС Әлеуметтік сұрақтар бойынша Бас менеджер болып қызмет атқарамын. Біздің жоба «Ескене» елді мекенінде жылына 1 мрд м3 газ өндіретін завод салуда.

    Балалы шағалы отбасымын, самбо, дзюдо күрестерінен спорт шеберіне үміткер ардагер спортшымын.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері