Ли Юрий Алексеевич

    № 2 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Ли Юрий Алексеевич
    Депутат маслихата

    Ли Юрий Алексеевич

    № 2 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Өмірбаян

    Ли Юрий Алексеевич - 1981 жылы 4 мамырда Атырау қаласында дүниеге келген. 1998 жылы В.И. Ленин атындағы № 1 орта мектепті тәмамдап, 1998-2002 жылдар аралығында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Кеден ісі» мамандығы бойынша білім алды.

    2008 жылдан бастап Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінде «Стандарттау, метрология және сертификатта» мамандығы бойынша оқыды.

    2005 жылы «Компьютерлік технологиялар саласындағы» мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі Республикалық орталықтан сертификаттаудан өтті.

    2008 жылы «Институт Перспектив Человека» ЖШС-нен «Банктің проблемалық клиенттерімен тиімді жұмыс істеу» тақырыбында, 2014 жылы Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінен «Кәсіпкерлік негіздер» тақырыбында біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

    2021-2023 жылдар аралығында «ALMAU» Жоғары бизнес мектебінде оқып, Іскерлік басқару магистрі атағын алды.

    Еңбек жолын 2003 жылы «ЮСКО Интернэшнл» жабық акционерлік қоғамының Атырау филиалында Кеден брокері лауазымынан бастады.

    Кейін «Ай.Си.Эс. Инспекшн энд контрол Сервисез Казахстан» ЖШС-нің "Ақжайық", "Балықшы" "Әуежай", "Котяевка" кеден бекеттерінде баға сараптамасы жөніндегі инспектор қызметін атқарды.

    2004 жылы «ЮСКО Интернэшнл» жабық акционерлік қоғамының Атырау филиалында Кеден бөлімінің кеңесшісі болып қызмет етті.

    2005 жылы Атырау облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау басқармасында Бәсекелестікті қорғау және дамытуды үйлестіру бөлімінің жетекші маманы, сол жылдары «БТА Ипотека «Ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамында посткредиттік қызмет көрсету маманы болып жасады.

    2006 жылы «Темірбанк» АҚ Проблемалық кредиттермен жұмыс істеу бөлімінің бастығы.

    2008 жылы «NORIN» ЖШС-інде директоры.

    2010 жылы «Мұнай-газ саласындағы мамандарды даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық оқу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында Жоба менеджері.

    2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «International Safety Standard» ЖШС-нің Бас директор-құрылтайшы ретінде жұмыс істеп келеді..

    2019-2021 жылдар аралығында USTUDY “U-future” ЖШС Өңіраралық тестілеу орталығында Атырау филиалының директоры ретінде қосымша қызмет атқарды.

    2023 жылдың сәуір айынан бастап Атырау қаласы Мәслихатының VIII сайланым депутаты, Мәслихаттың Экология, табиғатты пайдалану және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты Комиссия мүшесі.

    Өңірдегі түрлі қоғамдық және қайырымдылық шараларына белсене қатысып қолдау көрсеткені үшін 2023 жылдың қорытындысымен «Меценат депутат» номинациясымен марапатталды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері