Танбаева Гульнафис Абдиллаевна

    № 7 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Танбаева Гульнафис Абдиллаевна
    Депутат маслихата

    Танбаева Гульнафис Абдиллаевна

    № 7 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Өмірбаян

    Гульнафис Танбаева, 1976 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Аққұдық елді мекенінде дүниеге келді.

    1982-1992 жылдар аралығында Қызылқоға ауданы Кенбай орта мектебінде жалпы орта білім алды.

    1992-1998 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының «емдеу ісі» мамандығы бойынша жоғары білім алып, 1998-1999 жылдары Атырау облыстық психиатриялық ауруханасында психиатрия бойынша интернатурадан өтті.

    «Жоғары санаттағы әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау ұйымдастырушысы», «Психиатрия бойынша жоғары біліктілік санаты» дәрігер.

    «Alma U» университетінің Іскерлік әкімшілендіру магистрі.

    Қазіргі таңда «Alma U» университетінің «DBА» докторантурасында білім алуда.

    Еңбек жолы 1999 жылдан басталды, бүгінге дейінгі аралықта: Атырау облыстық психиатриялық ауруханасында дәрігер-психиатр, Атырау қалалық медициналық жедел жәрдем станциясы Бас дәрігердің орынбасары, Интертич отбасылық дәрігерлік амбулаториясы жеке клиникасында аға дәрігер, Бас дәрігердің орынбасары, Атырау облыстық психиатриялық ауруханасы Бас дәрігердің орынбасары, Атырау облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының Бас дәрігері, Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы Басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

    2020 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін №7 Атырау қалалық емханасының директоры болып қызмет атқарады.

    "AMANAT" партиясының мүшесі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері