Нұрланұлы Әміржан

    № 25 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Нұрланұлы Әміржан
    Депутат маслихата

    Нұрланұлы Әміржан

    № 25 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Өмірбаян

    Әміржан Нұрланұлы 1990 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосында дүниеге келген. Білімі жоғары.

    Алғаш еңбек жолын 2007 жылы Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында актер қызметінен бастады.

    Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында қызмет ете жүріп, Театр қайраткерлер Одағының Атырау облыстық филиалының төрағасы, «Stars» орталығының директоры қызметтерін атқарды.

    2018 жылы Атырау жастар театрының жетекшісі.

    2024 жылдан бастап Атырау облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Атырау Жастар театры» ЖШС-і директорының уақытша міндетін атқарушы.

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, «Жыл үздігі-2019» үздік партия спикері, Халықаралық талант сыйлығының және «Халық Алғысы» мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының, «Nur Otan» партиясының, Атырау облысы әкімінің, Атырау қаласы әкімінің, Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.

    Отбасылы, 3 қыз тәрбиелеуде.

    Атырау қаласы Мәслихатының VII-VIII шақырылым депутаты болды. «Amanat» партиясының мүшесі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері