Құлбарахов Ақылбек Нұрболатұлы

    № 4 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Құлбарахов Ақылбек Нұрболатұлы
    Мәслихат депутат

    Құлбарахов Ақылбек Нұрболатұлы

    № 4 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты

    Өмірбаян

    Құлбарахов Ақылбек Нұрболатұлы 1988 жылғы 30 қаңтарда Атырау қаласында дүниеге келген. Атырау қаласының тумасы.

    2003–2007 жылдары Атырау политехникалық колледжінде «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша білім алды.
    2007–2010 жылдары Атырау мұнай және газ институтын «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша үздік дипломмен тәмамдады.

    2021 жылы Орал қаласындағы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірді.

    2009–2010 жылдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында Аэромобильдік әскерлер құрамында (Талдықорған қаласы) мерзімді әскери қызметін өтеді.

    Еңбек жолын 18 жасында бастаған.

    2006 жылы Қарабатан кентіндегі «ELITE INSAAT» ЖШС-де жұмысшы болып еңбек етті.
    2007 жылы «ГАТЕ Иншаат» АҚ-да электр монтаждаушы қызметін атқарды.
    2009 жылы «СТАРСТРОЙ» ЖШҚ филиалының (Атырау қаласы) өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау бөлімінде жұмыс істеді.
    2016 жылы «Барбаро Груп АҚШ, Инк.» компаниясының Атырау қаласындағы филиалында «Теңізшевройл» ЖШС-нің 3GP CaTRo жобасы бойынша жоба жетекшісі қызметін атқарды.

    2014 жылдан бастап кәсіпкерлік қызметпен айналысады. «Bek Consulting» компаниясының негізін қалаған. Қазіргі уақытта компаниялар тобында 100-ден астам жоғары білікті маман еңбек етеді.

    «Bek Consulting» ЖШС,
    «Bek Industry Group» ЖШС компанияларының негізін қалаушы және құрылтайшысы.

    Өндірістік қызметтен бастап басқарушылық деңгейге дейінгі түрлі лауазымдарда еңбек етіп, халықаралық компаниялармен жұмыс істеу тәжірибесіне ие.

    Қоғамдық және депутаттық қызметі

    2023 жылдың сәуір айынан бастап — Атырау қалалық мәслихатының VIII шақырылым депутаты.

    2026 жылғы 26 қаңтардан бастап — Атырау қалалық мәслихатының төрағасы.

    Марапаттары

    2020 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен пандемия кезеңінде халыққа көмек көрсетудегі үлесі үшін «Халық Алғысы» төсбелгісімен марапатталды.

    2020 жылы өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

    2024 жылы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға белсенді қатысқаны және азаматтық қорғау саласына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық медалімен марапатталды.

    2024 жылы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға белсенді қатысқаны үшін «Апатпен күрескені үшін» медалімен марапатталды.

    2024 жылы партиялық және қоғамдық-саяси қызметтегі белсенділігі үшін «AMANAT» партиясының «Партия Үздігі» медалімен марапатталды.

    2024 жылы қайырымдылық қызметтегі белсенділігі үшін «Жыл меценат депутаты» Алғыс хатына ие болды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері