
Нугымаров Айбек Серикболович
Абай облысы Аягөз ауданының әкімі
Нугымаров Айбек Серикболович 1987 жылы 03 маусымда Семей облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылында дүниеге келді. 2005 жылы Семей политехникалық колледжін заңгер мамандығы бойынша, 2009 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша, 2011 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетін құқықтану мамандығы бойынша, 2014 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша, 2021 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін технологиялық машиналар және жабдықтар мамандығы бойынша бітірді.




































