
Өмірбаян
1997 жылы Қосағаш ауылындағы Ш.Уалиханов атындағы орта мектепке барып, осы аталмыш мектепті 2006 жылы аяқтады. 2006-2009 жылдары Семей гуманитарлық заң колледжін, «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2009-2012 жылдары Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп шықты.
Еңбек жолын 2009-2021 жылдары «Жанұя» шаруа қожалығында жұмысшы болып бастады. Одан «Жанұя» шаруа қожалығында басшылық қызметінде болды. 2021 жылы Семей орманы МОТР РММ-нің Тау-Дала филиалы Аягөз орманшылығының мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарды.
2011 жылы азаматша Азкей Еркежанмен отбасын құрып, үш бала өсіріп отыр. 2021 жылдың 8 қарашадан бастап, Қосағаш ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып отыр.




