
Алжикеев Тлеукен Тлеубердиевич
Мамырсу ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Алжикеев Тлеукен Тлеубердиевич 05.10.1968 жылы Семей облысы, Үржар ауданы, Предгорное ауылында дүниеге келген. 1976-1986 жылдар аралығында Аягөз ауданы Мамырсу ауылындағы С.Ғаббасов атындағы орта мектебінде оқып, үздік бітірген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университеті журналистика факультетін тәмамдаған.
1992-1994 жылдар аралығында Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінің жауапты хатшысының орынбасары, 1994 -1998 жылары Алматы қалалық әкімшілігі Тіл комитетінің ономастика және терминология бөлімінің бас маманы, 1998-2011 жылдары аралығында «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы Аягөз локомотив депосының аудармашысы, кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметтерін атқарған. 2002 жылдан бері Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. 2009 жылдан бері ШҚО, Өскемен қаласы «Шығыс ақпарат» ЖШС облыстық «Дидар» газетінің меншікті тілшісі, шеф-редактор, WEB-технологиялар орталығынң басшысы, баспахана бастығы, облыстық «Didar» газетінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарған. 2023 жылғы мамыр айында Аягөз ауданы Мамырсу ауылының әкімі болып сайланды.




