
Өмірбаян
18.11.1994 жылы Семей облысы, Аягөз ауданы, Аягөз қаласында дүниеге келді. 2000-2009 жылдары орта мектептің 9 сыныбын бітіріп, 2009-2013 жылдары Аягөз қаласындағы, «Аягөз қаласының политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының «Темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша бітірді. 2013-2017 жылдары Шымкент қаласы «Қазақстан инженерлік- педагогикалық» халықтар достығы университетін «Юриспуденция» мамандығы бойынша бітірді.
2014-2015 жылдары Аягөз аудандық «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» мәдениет үйінде электрик болып жұмыс істеді. 2015-2016 жылдары әскери борышын өтеді. 2016-2019 жылдары келісім шарт бойынша әскери қызметкер жұмысын атқарды. 2021-2024 жылдары Аягөз қаласы әкімінің аппаратының бас маманы. 18.03.2024 жылдан 16.09.2024 жылға дейін Аягөз қаласы әкімінің орынбасары. 16.09.2024 жылдан бастап Аягөз қаласының әкімі.




