
Мұқашев Бауыржан Советұлы
Мәдениет ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Мұқашев Б.С. 1969 жылдың 15 қантарында Семей облысы, Шұбартау ауданының Мәдениет ауылында тұған. 1988 жылы Ново-Покровка ауылшаруашылық техникумын, зоотехник мамандығымен, 1997 жылы Семей мемлекеттік университетін зооинженер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1988 жылы Шұбартау ауданының «Шұбартау» кеңшарының ветсанитары болып бастаған.
1988-1990 жылдары әскери қатарында болды. 1990-1996 жылдары аралығында Шұбартау ауданының «Шұбартау» кеңшарының ветсанитары, Каз НИТИО Солтүстік Шығыс аумақтық бөлімінің маманы, «Көктал» кеңшарының жұмысшысы, бригадирі, «Тойсары-Бейсенбай» кәсіпорынның зоотехнигі болып жұмыс істеді. 1995-2010 жылдарында Шұбартау ауданының «Бек» ЖШС-нің есепшісі, кейін жетекшісі, 2010-2011 жылдары Малкелді ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарды. 2011 жылдың шілде айынан бастап Баршатас ауылдық округінің әкімі қызметінде болған. 2013 жылдың тамыз айынан Мәдениет ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқаруда.




