
Ахтемиров Эльдар Аятбекович
Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Ахтемиров Эльдар Аятбекович 1981 жылы 10 қарашада Семей облысы, Аягөз ауданының Сарыарқа ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 1998 жылы Аягөз қалалық №6 қазақ орта мектебін бітіріп, 2000-2003 жылдары Талдықорған заң колледжін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. 2009-2013 жылдары Семей қаласы «Қайнар» университетінің «Ақпараттық технологиялар және жүйелер» мамандығы бойынша аяқтады.
2009-2013 жылдары Аягөз ауданы әкімі аппаратында техник-программист болып 2013-2017 жылдары осы мекемедегі ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің бас маманы, 2017 жылдың маусымынан бастап ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы қызметін атқарудамын.


