
Ақылжанов Ғалымжан Ақылжанұлы
Аягөз ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Ақылжанов Ғалымжан Ақылжанұлы 1977 жылы 10 желтоқсан айында Семей облысы, Аягөз ауданы Баршатас ауылында дүниеге келді. 2003 жылы Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң академиясының заңтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы «Қалалық көпсалалы мектеп-гимназиясы» ММ-нің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі. 2006-2010 жылдары «Казагромаркетинг» АҚ Аягөз филиалының несие менеджері. 2010-2012 жылдары «Ауылшаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ ШҚО филиалының несие менеджері. 2013-2014 жылдары Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің бас маманы. 2014-2015 жылдары Аягөз аудандық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің бас маманы. 2015-2020 жылдары Аягөз ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы. 2020-2024 жылдары Өркен ауылдық округінің әкімі. 2024 жылдың наурыз айынан бастап Аягөз ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.


