
Аманов Жандос Ильясович
Аягөз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Аманов Жандос Ильясович 1987 жылдың 21-ші қарашасында ШҚО, Аягөз ауданы, Баршатас ауылында дүниеге келген.
1994 жылы Мамырсу ауылының Сабыржан Ғаббасов атындағы жалпы білім беретін орта мектепке барып, 2005 жылы Аягөз қаласындағы Кешірімхан Бозтаев атындағы жалпы білім беретін орта мектепті тәмәмдаған.
Білімі – жоғары. 2009 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2010 жылы «Семей қаласы әкімі аппараты» ММ -де жетекші маман болып бастаған.
01.07.2011-01.07.2013 жж Семей қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» ММ –ң бас маманы.
01.10.2013-03.07.2014 жылдары «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» ММ-ң ұйымдастыру – бақылау, құжаттармен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.
03.07.2014 – 30.10.2016 жылдары «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» ММ, Аягөз ауданы әкімінің көмекшісі болып қызмет атқарған.
01.11.2016 – 16.09.2020 жылдар аралығында «Аягөз ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» Бөлім басшысының орынбасары.
2020 жылы қыркүйектен 2022 жылдың маусымна дейін Аягөз ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.
2022 жылдың маусым айынан бастап Аягөз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Үйленген, 2 бала тәрбиелеп отыр.


