
Өмірбаян
Сыдықов М.А. 1974 жылдың 1 қаңтарында Семей облысы, Шұбартау ауданы, Бидайық ауылында туған. Білімі жоғары, 1996 жылы Семей мемлекеттік униветситетін малдәрігері мамандығы бойынша бітірген.
1996-2000 жылдары аралығында «Әлімжан» шаруа қожалығында мал дәрігері, 2000-2007 жылдары Аягөз аудандық аумақтық басқармасында ветеринарлық инспектор, 2007-2009 жылдары ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Аягөз аудандық аумақтық инспекциясында жетекші маман - мемлекеттік ветеринарлық инспектор, 2010-2012 жылдары Өркен ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман – мал дәрігері болып қызмет атқарған. 2013 жылдың тамыз айынан бастап Айғыз ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы.




