Нугымаров Айбек Серикболович

    Абай облысы Аягөз ауданының әкімі

    Нугымаров Айбек Серикболович
    Әкім

    Нугымаров Айбек Серикболович

    Абай облысы Аягөз ауданының әкімі

    Өмірбаян

    Нугымаров Айбек Серикболович 1987 жылы 03 маусымда Семей облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылында дүниеге келді.

    2005 жылы Семей политехникалық колледжін заңгер мамандығы бойынша, 2009 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша, 2011 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетін құқықтану мамандығы бойынша, 2014 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша, 2021 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін технологиялық машиналар және жабдықтар мамандығы бойынша бітірді.

    Еңбек жолын 2010 жылы «Семей қаласы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық №1 қалалық жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесі қазақ күресі бөлімінің оқытушы-жаттықтырушы болып бастады.

    17.01.2012-02.09.2013 жылдары «Семей қаласы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ күресі бөлімінің оқытушы-жаттықтырушысы.

    02.09.2013 - 09.09.2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық жазғы спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің нұсқаушы-әдіскері.

    10.09.2013-30.09.2015 жылдары Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық спорттың жазғы түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің нұсқаушы-әдіскері.

    01.10.2015-01.02.2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Бұқаралық спорт түрлері бойынша Шығыс Қазақстан облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ күресінен жаттықтырушы-оқытушысы.

    31.01.2019-28.09.2022 жылдары Семей қаласы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры.

    29.09.2022- 22.10.2025 жылдары Абай облысы білім басқармасының «Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры.

    23.10.2025-06.11.2025 жылдары Абай облысы Аягөз ауданы әкімінің орынбасарының міндетін атқарушы.

    07.11.2025-30.07.2026 жылдары Абай облысы Аягөз ауданы әкімінің орынбасары.

    2026 жылдың 31 шілдеден бастап Абай облысы Аягөз ауданының әкімі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері