
Өмірбаян
Тайботаев Талгат Нуртулеуович 1969 жылы Семей облысы Шұбартау ауданы, Қосағаш ауылында дүниеге келген. 1976-1986 жылдары Семей облысы Бақанас ауылында орта мектепті аяқтаған. 1990-1994 жылдар аралығында Семей облысы Жаңа-Семей ауданы, Ново-покровка совхоз техникумын зоотехник мамандығы бойынша сырттай бітірдім. 1987-1989 жылы Украина және Чехословакия мемлекеттерінде отандық борышын өтеген.
1990-1994 жылдары Бақанас совхозында бригадир болған.
1994 жылы Семей қаласында Әскери ЛТД- да,
1994-1995 жылдары Семей қаласы №26 орта мектепте құбыр жөндеуші,
1995-2006 жылдары аралыығында Ішкі істер және қылмыстық атқару жүйесінде Семей қаласы ОВ-156/18 мекемесінде, ШҚО Жарма ауданы, Солнечный кентінде ОВ-156/18 мекемесінде қызмет атқарған.
1997-2002 жылдары Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Құқық жіне экономика» негіздері бойынша сырттай аяқтаған.
2007-2011 жылдары Семей қаласы «Сулпак» сауда орталығында бақылаушы,
2012-2019 жылдары ШҚО, Аягөз ауданы Өркен ауылының әкімі,
2019-2024 жылдары жұмыссыз,
2024 жылы 18 наурыз күні Абай облысы Аягөз ауданы Өркен ауылдық округі әкімі болып тағайындалды.




