Молдабаева Ажар Төлеубекқызы

    Аягөз ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы

    Молдабаева Ажар Төлеубекқызы
    Руководитель отдела

    Молдабаева Ажар Төлеубекқызы

    Аягөз ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Молдабаева Ажар Төлеубекқызы 1990 жылы 23 сәуірде Семей облысы Аягөз ауданы Тарбағатай ауылында дүниеге келген.

    2011 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын "Информатика" мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы Семей қаласындағы "Қайнар" университетін "Қаржы" мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2013 жылы Көкшетау қаласындағы «Банк Центр кредит» АҚ халыққа қызмет көрсету секторының шот менеджері болып бастады.

    2013 жылғы тамыз айынан қазан айына дейін "Аягөз ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі"ММ статисті.

    2013 жылдың қазанынан 2015 жылдың наурызына дейін "Аягөз ауданының қаржы бөлімі"ММ бас маманы.

    2015 жылғы наурыздан 2019 жылғы қазанға дейін "Аягөз ауданының экономика және қаржы бөлімі"ММ коммуналдық меншік секторының меңгерушісі, бюджет секторының меңгерушісі.

    2019 жылдың қазанынан 2021 жылдың қазанына дейін Нұр – сұлтан қаласының "Авто центр-Сарыарқа" ЖШС қаржы менеджері.

    2022 жылғы маусымнан 2022 жылғы қазанға дейін "Аягөз ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ коммуналдық меншік секторының бас маманы. 2022 жылдың қазанынан 2023 жылдың ақпанына дейін "Абай облысы Аягөз ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ басшысының орынбасары. 2023 жылдың ақпан айынан бастап "Абай облысы Аягөз ауданының экономика және қаржы бөлімі"ММ басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері