
Беккожина Еркежан Талгатовна
Персоналды басқару бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1990 жылы 08 тамызда Семей облысы, Аягөз қаласында дүниеге келді. 1997-2004жж. Аягөз қаласында орта мектепті оқыды. 2004-2008жж. Өскемен қаласындағы Дарынды балаларға арналған арнайы мектеп-лицей интернатында оқыды. 2008-2012жж. Қарағанды қаласындағы «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің» математика факультетінің информатика бакалавры бойынша оқыды.
01.08.2012-31.12.2012ж. Аягөз қаласында «Жастар іс-тәжірибесі 2020» бағдарламасы бойынша ЭС «Beeline» орталығында жұмыс істеді. 04.01.2013-31.05.2013ж. Аягөз қаласында «Актив» орталығы – бас маман болып қызмет жасады. 19.07.2013-19.12.2013ж. Қарағанды қаласында «Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ еңбек шартымен қоғамдық жұмысшы болып жұмыс істеді. 14.07.2014-14.08.2014ж. Аягөз қаласында «Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімінің аппараты» ММ-де іс-қағаздарын жүргізуші болып жұмыс жасады. 2014-2022жж. «Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің ұйымдастыру-бақылау жұмыстары және құжаттармен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы. 2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін Абай облысы Аягөз ауданы әкімінің аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы қызметін атқарады.


