
Өмірбаян
1961 жылы 20 қаңтарда Семей облысы Аягөз ауданы Тарлаулы ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы педагогикалық институтының тарих мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1978 «Овцевод» орта мектебінде слесарь болып бастады. 1979-1981 жылдары Әскер қатарында болды. 1981–2000 жылдары «Овцевод» орта мектебіне мастер, еңбек пәнінің, тарих пәнінің мұғалімі. 2000–2019 жылдары С.Сейфуллин атындағы орта мектепте тәрбие ісінің меңгерушісі және тарих пәнінің мұғалімі. 2019 жылдың ақпан айынан сәуір айына дейін Қопа ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы. 2019 жылдың сәуірінен бастап Қопа ауылдық округінің әкімі.




