Қызметкерлер — Күршім ауданының әкімдігі

    Күршім ауданының әкімдігі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    5
    Альбеков Мейржан Канатбекович
    Әкім

    Альбеков Мейржан Канатбекович

    Күршім ауданының әкімі

    27.08.2011-02.09.2013 жылдары –Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Жаңалық» Театр-сервис», «Абай атындағы театр» КМҚК артисі. 05.01.2016-10.10.2019 жылдары- Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының «Дарын» МКҚК Таврия ауылдық клубының меңгерушісі, аудандық Мәдениет үйі директорының орынбасары, Дарын» МКҚК директоры. 11.10.2019-03.06.2022 жылдары- Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы. 06.06.2022-25.07.2023 жылдары- Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Таврия ауылдық округі әкімінің орынбасары, Таврия ауылдық округі әкімінің әкімі. 01.12.22023-29.12.2024 жылдары -Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің орынбасары. 30.12.20224жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының әкімі. 5 бала тәрбиелеп өсіруде.

    Нұрланұлы Роллан
    Әкімінің орынбасары

    Нұрланұлы Роллан

    Күршім ауданының әкім орынбасары

    Нұрланұлы Роллан - ШҚО Күршім ауданы әкімінің орынбасары 1987 жылы 6 қыркүйекте Семей облысы Семей қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін құқық және экономика негіздерінің бакалавры біліктілігі бойынша тәмамдаған. 2010–2013 жылдары – Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде мүгедектердің жеке көмекшісі, әлеуметтік қызметкері, меңгерушісі, 2013-2016 жылдары-Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы болып еңбек етті. 2016-2025 жылдары – Күршім ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы директоры, Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының қызметін атқарды. 2025 жылдың сәуір айынан бастап ШҚО Күршім ауданы әкімінің орынбасары. Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп өсіруде.

    Ижимов Алмас Пернебекұлы
    Қызметкерлер

    Ижимов Алмас Пернебекұлы

    Заместитель акима Курчумского района ВКО

    Ижимов Алмас Пернебекұлы - ШҚО Күршім ауданы әкімінің орынбасары 1990 жылы 13 наурызда Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2011 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы, 2015 жылы Шымкент университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2010–2016 жылдары –Алматы қаласы «Фирма Сапсан секьюрити» ЖШС қауіпсіздік қызметінің инспекторы, Оңтүстік Қазақстан индустриалды-инновациялық колледжінде жастар практикасы бойынша оқытушы, Оңтүстік Қазақстан облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының архивариусы, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты халықты әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімінің бас-маманы, ұйымдастыру бөлімінің бас-маманы, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас-маманы, кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің бас маманы болып еңбек етті. 2016-2025 жылдары ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші- қон Комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының әлеуметтік көмек және қолдау бөлімінің бас маманы, Шымкент қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің бас инспекторы, бөлім басшысы, ақпараттық қауіпсіздік мониторингі бөлімінің бөлім басшысы, хатшылық бөлімінің бас инспекторы, ұйымдастыру-инспекторлық және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы, инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы-бөлім басшысының орынбасары болып қызмет атқарды. 2025 жылдың сәуір айынан бастап, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарады. Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп өсіруде.

    Дуйсенгазин Сымбат Амангельдинович
    Әкімінің орынбасары

    Дуйсенгазин Сымбат Амангельдинович

    Заместитель акима Курчумского района ВКО

    Дуйсенгазин Сымбат Амангельдинович 31 қазан 1990 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Дарственное ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2010 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті колледжін спорт түрлерінің тренері, 2014 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетін білім беру бакалавры мамандығы бойынша тәмамдаған. 2010-2026 жылдары Күршім №4 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі, Күршім ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының орынбасары, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының орынбасары, Күршім ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды. 2026 жылдың сәуір айында Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

    ТҮКШ және көлікКұрылысТөтенше жағдай
    Дузбаев Сандыбек Сеитбекович
    Қызметкерлер

    Дузбаев Сандыбек Сеитбекович

    ШҚО Күршім ауданы әкімінің аппарат басшысы

    1966 жылы 16 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1992 жылы Өскемен педагогикалық институтын еңбекке оқыту және жалпы техникалық пәндер мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Күршім ауданының Ақсуат ауылындағы Ақсуат балық учаскесінің жұмысшысы болып бастаған. 1992-1995 жылдары Ақсуат орта мектебінде еңбек пәнінің мұғалімі, 1996-1998 жылдары «Арсат-балық» акционерлік қоғамының көлік гаражының механигі, 1998-2009 жылдары Ақсуат орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі болып еңбек етті. 2009-2012 жылдары Балықшы ауылдық округінің әкімі, 2012-2021 жылдары Күршім ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарды. 2021 жылдың сәуір айында Күршім ауданы әкімінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды. Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп өсірді.

    Әкім аппаратының бөлімі

    3
    Қизатова Меруерт Қалымқызы
    Қызметкерлер

    Қизатова Меруерт Қалымқызы

    ШҚО Күршім ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы

    1968 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Аманат ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1989 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын инженер-құрылысшы, 2001 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Тоқпаева Салтанат Қабимолдақызы
    Қызметкерлер

    Тоқпаева Салтанат Қабимолдақызы

    ШҚО Күршім ауданы әкімі аппаратының кеңсе, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау бөлімінің басшысы

    1980 жылы 21 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы Алексеевка ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2000 жылы Семей политехникалық колледжін, 2007 жылы Орталық-Азия университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Отбасылы, қыз тәрбиелеп өсірді.

    Әділбеков Даниар Талғатұлы
    Қызметкерлер

    Әділбеков Даниар Талғатұлы

    ШҚО Күршім ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы

    1989 жылы 18 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Раздольное ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2013 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің колледжін техник-бағдарламашы, 2013 жылы Шығыс Қазақстан аймақтық университетін ақпараттық жүйелер бакалавры мамандығы бойынша тәмамдаған. Отбасылы. Екі бала тәрбиелеуде.

    Әдеп жөніндегі уәкіл

    1
    Нұрланұлы Роллан
    Әдеп жөніндегі уәкіл

    Нұрланұлы Роллан

    ШҚО Күршім ауданы әкімінің орынбасары - әдеп жөніндегі уәкіл

    Нұрланұлы Роллан Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің орынбасары- әдеп жөніндегі уәкіл Мекен жайы: Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім ауылы Ибежанов көшесі, 23. 2-қабат. Байланыс телефоны: 8(723-39) 22102, 87764775577. Электронды мекен-жайы:r.nurlanuly @akimvko.gov.kz

    Әлеуметтік қорғауЭкономика

    Қарамағындағы ұйымдар

    3

    Бөлім

    8
    Қарағызов Қуанған Сәйпішұлы
    Бөлім басшысы

    Қарағызов Қуанған Сәйпішұлы

    ШҚО Күршім ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы

    Қарағызов Қуанған Сәйпішұлы 1964 жылы 9 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Жолнұсқау ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1986 жылы Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын ветеринарлық дәрігер мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Елеубаев Бауыржан Бақытжанұлы
    Қызметкерлер

    Елеубаев Бауыржан Бақытжанұлы

    ШҚО Күршім ауданының білім бөлімінің басшысы

    1974 жылы 22 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы Алексеевка ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін инженер-педагог мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Қасымбаева Арайлым Сейітқамзақызы
    Бөлім басшысы

    Қасымбаева Арайлым Сейітқамзақызы

    ШҚО Күршім ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы

    1982 жылы 19 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қаратоғай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2005 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы ҚазҰПУ бастауыш сыныптар мұғалімі, 2015 жылы Қазақстан-Американдық университетін құқық бакалавры мамандығы бойынша тәмамдаған. 2005-2012 жылдары - Күршім ауылдық округі әкімінің аппаратында мүмкіншілігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің маманы, бас маман – іс басқарушысы болып еңбек етті. 2012 –2022 жылдары -Күршім ауылдық округі әкімінің орынбасары, Күршім ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы болып қызмет атқарды.. 2022 жылдың ақпан айында Күршім ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

    Мәжібаев Жасұлан Жайлаубайұлы
    Бөлім басшысы

    Мәжібаев Жасұлан Жайлаубайұлы

    ШҚО Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

    Мәжібаев Жасұлан Жайлаубайұлы - ШҚО Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы 1988 жылы 8 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Бурабай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2007 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің колледжін құқықтану, 2010 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетін юриспруденция мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007–2013 жылдары – Күршім ауданы Күршім ауылында №1 халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы, Күршім ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы бойынша көмекшісі болып еңбек етті. 2013-2025 жылдары-Күршім ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, бөлім меңгерушісі, бөлім басшысы, Күршім ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып қызмет атқарды. 2025 жылдың шілде айында Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Отбасылы, 2 бала тәрбиелеп өсіруде.

    Әлеуметтік қорғау
    Жанаева Гүлзира Құмарғазықызы
    Бөлім басшысы

    Жанаева Гүлзира Құмарғазықызы

    ШҚО Күршім ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы

    Жанаева Гүлзира Құмарғазықызы -ШҚО Күршім ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы. Жанаева Гүлзира Құмарғазықызы 1985 жылы 7 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Бурабай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2005 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті колледжін қаржы мамандығы, 2008 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған. 2006-2017 жылдары Күршім ауданы әкімі аппаратының статистигі, Күршім ауданының қаржы бөлімінің коммуналдық меншік бойынша жетекші маманы, экономика және қаржы бөлімінің коммуналдық меншік бойынша жетекші маманы, бюджеттің шығыс бөлігіне есеп және мониторинг жүргізу бойынша бас маманы болып еңбек етті. 2017-2024 жылдары Күршім ауданының экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары болып қызмет атқарды. 2024 жылдың 1 қазанынан бастап, ШҚО Күршім ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы. Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп өсіруде.

    Искаков Ришат Дәулетханұлы
    Бөлім басшысы

    Искаков Ришат Дәулетханұлы

    ШҚО Күршім ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

    Искаков Ришат Дәулетханұлы 1985 жылы 6 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қаратоғай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2009 жылы Қазақстан инженерлік-экономикалық университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Ауыл шаруашылығыКәсіпкерлік және бизнес
    Жамелхан Жанболат Жамелханұлы
    Бөлім басшысы

    Жамелхан Жанболат Жамелханұлы

    ШҚО Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

    Жамелхан Жанболат Жамелханұлы 1994 жылы 19 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Ақши ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2015 жылы Өскемен политехникалық колледжін «Электр станциялары мен желілердің электр жабдықтары» мамандығы, 2024 жылы Қазақстан-Американдық Еркін университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2017-2024 жылдары ШҚО Күршім ауданының тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тұрғын үй инспекциясы бойынша жетекші маманы, сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің құрылыс жөніндегі бас маманы болып еңбек етті. 2024 жылдың 4 қазанынан бастап, ШҚО Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы. Отбасылы.

    Сайлаубекова Лаура Сайлаубекқызы
    Бөлім басшысы

    Сайлаубекова Лаура Сайлаубекқызы

    Күршім ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

    Сайлаубекова Лаура Сайлаубекқызы 28 қазан 1988 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2010 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Бастапқы әскери дайындық», 2012 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2011-2013 жылдары Өскемен қаласында «Лада» балабақшасында дене шынықтыру нұсқаушысы, Күршім ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде компьютерлік техника операторы, іс-жүргізуші-машинист болып еңбек етті. 2013-2025 жылдары Күршім ауданының ішкі саясат бөлімінде жетекші маман, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту бөлімінде жетекші маман, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінде жетекші маман, бас маман, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде жетекші маман, бас маман болып қызмет атқарды. 2026 жылдың қыркүйек айында ШҚО Күршім ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

    Басқа қызметкерлер

    9
    Нурсоветов Ерлан Нурсоветович
    Әкім

    Нурсоветов Ерлан Нурсоветович

    ШҚО Күршім ауданының Күршім ауылдық округінің әкімі

    Нурсоветов Ерлан Нурсоветович - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Күршім ауылдық округінің әкімі 1966 жылы 30 қазанында Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1983 жылы Өскемен құрылыс-жол институтына түсіп, 2002 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін агроинженерлік іс бойынша кәсіптік оқыту мамандығын тәмамдаған. 1984-1986 жылдары Совет Армиясы қатарында әскери борышын өтеген. Еңбек жолын 1987 жылы Ақсуат орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1987-1988 жылдары Өскемен қаласында 3 разрядты бетоншы болды, 1988-1990 жылдары Ішкі істер органында қызмет атқарды, 1990-1993 жылдары Высокогор совхозының құрылыс учаскесінің жұмысшысы болды, 1993-1995 жылдары Ішкі істер органында қызмет атқарды, 1995-1996 Күршім ауылы «Капышев» ШҚ жұмысшы, 1997 жылы Сортсынау участкесінің жүргізушісі, 1998-2001 жылдары Чердояқ ауылы орта мектебінің алғашқы әскери дайындық мұғалімі, 2001-2002 жылдары Күршім аудандық военкоматының 2 бөлімшесінің жауапты орындаушысы болып еңбек етті. 2015-2021 жылдары Күршім ауданының Күршім ауылдық округі әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды. Сайлау нәтижесі бойынша 2021-2025 жылдары Күршім ауданының Күршім ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды. Сайлау нәтижесі бойынша 2025 жылдың 12 мамырынан бастап Күршім ауданының Күршім ауылдық округінің әкімі. Отбасылы, ұл тәрбиелеп өсірді.

    Бактияров Талгат Калибекович
    Әкім

    Бактияров Талгат Калибекович

    ШҚО Күршім ауданының Абай ауылдық округінің әкімі

    Бактияров Талгат Калибекович – Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Абай ауылдық округінің әкімі 1974 жылы 28 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Белогор поселкесінде дүниеге келген. Білімі жоғары. 1999 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін инженер-механик, 2019 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетін білім беру бакалавры мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1991 жылы Абай совхозының құрылыс учаскесінің жұмысшысы болып бастаған. 1992-1999 жылдары-Бурабай орта мектебінің күзетшісі, Абай совхозының құрылыс учаскесінің жұмысшысы, Өскемен құрылыс материалдары комбинаты №5 цехының кірпіш отырғызушысы-шығарушысы, «Сәулет» АҚ №1 учаскесінің мастері, 2008-2025 жылдары-Бурабай орта мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Бірлік негізгі орта мектебінің директоры, Күршім ауданының Абай ауылдық округінің әкім болып еңбек етті. Сайлау нәтижесі бойынша 2025 жылдың 12 мамырынан бастап Күршім ауданының Абай ауылдық округінің әкімі. Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп өсіруде.

    Тілеубаев Ержан Тоқайұлы
    Әкім

    Тілеубаев Ержан Тоқайұлы

    ШҚО Күршім ауданының Балықшы ауылдық округі әкімі

    1972 жылы 28 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2001 жылы Талдықорған сыртқы Заң институтын заңгер, 2020 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетін экономика және бизнес бакалавры мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Мұхтарханов Елжан Бөкембайұлы
    Әкім

    Мұхтарханов Елжан Бөкембайұлы

    ШҚО Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округінің әкімі

    Мұхтарханов Елжан Бөкембайұлы 1977 жылы 5 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралиха ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1999 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін тасымалдауды ұйымдастыру инженері мамандығы бойынша тәмамдаған. 2000-2001 жылдары ҚР Қарулы Күштері қатарында, 2001-2017 жылдары Ішкі істер органындағы және Азаматтық қорғаныс органында қызмет атқарды.

    Кусаинов Мухамедкарим Абдрахманович
    Қызметкерлер

    Кусаинов Мухамедкарим Абдрахманович

    ШҚО Күршім ауданының Құйған ауылдық округінің әкімі

    Кусаинов Мухамедкарим Абдрахманович – Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Құйған ауылдық округінің әкімі 1964 жылы 27 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Көкжота ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1987 жылы Шығыс-Қазақстан совхоз техникумын ветеринарлық фельдшер, 2003 жылы Орта-Азиялық университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1981 жылы Высокогор совхозының №4 фермасының ветеринар-санитары, қойшысы болып бастаған. 1983-1985 жылдары Совет Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. 1988-1990 жылдары Высокогор совхозының №1 фермасының ветеринар санитары, ветеринар-дәрігері болып жұмыс істеген. 1990-2010 жылдары ҚР ішкі істер органында қызмет атқарған. Сайлау нәтижесі бойынша 2013-2025 жылдары Құйған ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарды. Сайлау нәтижесі бойынша 2025 жылдың 12 мамырынан бастап Күршім ауданының Құйған ауылдық округінің әкімі. Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп өсірді.

    Сеилханов Бауржан Төлеуханұлы
    Әкім

    Сеилханов Бауржан Төлеуханұлы

    ШҚО Күршім ауданының Маралды ауылдық округінің әкімі

    1963 жылы 9 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қыстаукүршім ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1990 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтын мал дәрігері мамандығы бойынша тәмамдаған. Отбасылы, 2 бала тәрбиелеп өсірді.

    Ақсартов Серік Алтынбекұлы
    Әкім

    Ақсартов Серік Алтынбекұлы

    ШҚО Күршім ауданының Сарыөлең ауылдық округінің әкімі

    Ақсартов Серік Алтынбекұлы 1962 жылы 14 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы Қалжыр ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1985 жылы Целиноград зоотехникалық малдәрігерлік техникумын зоотехниктік, 1992 жылы Семейдің зоотехникалық малдәрігерлік институтын зоотехния, 2004 жылы Орта-Азиялық университетін құқықтану мамандықтары бойынша тәмамдаған. Отбасылы, 2 бала тәрбиелеп өсірді.