Жанаева Гүлзира Құмарғазықызы

    ШҚО Күршім ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы

    Жанаева Гүлзира Құмарғазықызы
    Руководитель отдела

    Жанаева Гүлзира Құмарғазықызы

    ШҚО Күршім ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Жанаева Гүлзира Құмарғазықызы -ШҚО Күршім ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
    Жанаева Гүлзира Құмарғазықызы 1985 жылы 7 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Бурабай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2005 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті колледжін қаржы мамандығы, 2008 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған. 2006-2017 жылдары Күршім ауданы әкімі аппаратының статистигі, Күршім ауданының қаржы бөлімінің коммуналдық меншік бойынша жетекші маманы, экономика және қаржы бөлімінің коммуналдық меншік бойынша жетекші маманы, бюджеттің шығыс бөлігіне есеп және мониторинг жүргізу бойынша бас маманы болып еңбек етті. 2017-2024 жылдары Күршім ауданының экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары болып қызмет атқарды. 2024 жылдың 1 қазанынан бастап, ШҚО Күршім ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
    Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп өсіруде.

    Лауазымдық міндеттері: Өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын, мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады. Мекемені басқарады, жұмысына басшылық жасап ұйымдастырады. Мекемедегі қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттерін айқындайды. Лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. Стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттiк басқаруды, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын іске асыруды, аудандық бюджетті орындауды, аудандық коммуналдық меншікті тиімді басқаруды жүзеге асырады. Әлеуметтікэкономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және ауданың әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингін жасайды. Кірістер мен шығыстарды экономикалық дәлелді жоспарлау негізінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес келесі қаржы жылы аудандық (жергілікті) бюджеттің жобасын әзірлейді және оның орындалуын ұйымдастырады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына болжам, экономикалық талдау жасайды және реформалар барысын бағалайды. Аудандық бюджетті атқарады. Бюджеттік есепке алуды жүргізеді және аудандық бюджетті атқару бойынша бюджеттік есептілікті құрастырады. Аудандық коммуналдық меншікті басқарады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын және бюджет параметрлерінің болжамын әзірлеуді ұйымдастырады және өз құзіреті шегінде аудандық даму бағдарламаларын әзірлеуге және қамтамасыз етуге қатысады. Алдағы жоспарлық кезеңде бюджетке түсетін қаражаттар түсімдерінің көлемін анықтайды. Аудандық бюджет комиссиясына ағымдағы, сол сияқты алдағы жоспарланып отырған кезеңде жекелеген бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) бойынша жылдық жоспарлы жұмсалымдарды қайта қарау қажеттігі туралы ақпаратты жібереді. Жергілікті бюджет бойынша қолма-қол ақша ресурстарына талдау және болжам жасайды. Даму бюджетінің игерілуінің, инвестициялық жобалардың барысына мониторинг жүргізеді. Коммуналдық мүлікті басқаруға талдау және бағалауды жүзеге асырады. Аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша жұмысты ұйымдастырады. Бюджетті атқару бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қызметін үйлестіреді. Бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемдерін айқындау және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың, қолма-қол ақша профицитін (тапшылығын) және оны жабу көздерін атқару жөніндегі процесс болып табылатын қолма-қол ақша легінің болжамын жасайды. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын, төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларын құрастырады, бекітеді және жүргізеді. Бюджет қаражаты есебінен ұсынылған бюджеттік кредиттердің тіркелуін, олардың есепке алынуы мен мониторингін жүзеге асырады. Жүйелі жинақтау жиәне бюджетті атқару көрсеткіштерін талдау арқылы бюджеттік мониторингті жүзеге асырады. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бекітетін мемлекеттік мекеменің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алатын түсімдер мен шығыстардың жиынтық жоспарын келіседі. Бюджеттік ақшаны басқарады. Аудан бюджетінің қолма-қол ақшаның бақылау шоттарында ақша қозғалысына мониторинг жүргізеді. Аудандық бюджетті атқару бойынша бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізуді қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте аудан әкімдігі резервінен қаражатты бөлу туралы өтініштерді қарайды. Бюджеттік ақшамен басқару бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметі тиімділігінің жыл сайынғы бағалауын іске асырады. Мемлекеттік органдардың, мекемелердің және кәсіпорындардың мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруының мониторингін ұйымдастырады және жүргізеді. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді. Аудандық коммуналдық мүлікті басқарады. Аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітеді. Аудандық коммуналдық мүліктің есепке алынуын ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, мемлекеттік мүліктердің тізілімін белгіленген тәртіпте жүргізеді. Аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, жекешелендіру объектіні бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Аудандық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді. Аудандық коммуналдық мүлікті өтеусіз пайдалануға, мемлекеттік заңды тұлғаларға береді. Сенімгерлікпен басқарушының аудандық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады.Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен басқаға тапсыру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізеді. Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттің қатысуымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеуі мен оларды басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыру және жүргізуді жүзеге асырады. Жергілікті бюджет есебінен ұстап-күтілетін мемлекеттік мекемелердің мүлігін шығынға жазуын келіседі. Иесіз мүліктердің, объектілерді анықтау және ретке келтіру есебін жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асырады. Бюджеттік өтінім, сметалық шығындарын жасап, бюджеттік бағдарламаларды дайындап, бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты пайдалануын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімі, аудан әкімі мен облыстық және

    аудандық әкімдіктердің актілері мен тапсырмаларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, аудан аумақтарын дамыту бағдарламасының іске асырылуының, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштерінің, мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген Заңдарына сәйкес жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері