
Қарағызов Қуанған Сәйпішұлы
ШҚО Күршім ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Қарағызов Қуанған Сәйпішұлы 1964 жылы 9 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Жолнұсқау ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1986 жылы Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын ветеринарлық дәрігер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1986-1988 жылдары Пугачев ауылында «Маралды» совхозы Пугачев фермасының ветеринарлық дәрігері болып бастаған. 1988-1990 жылдары «Маралды» совхозы комсомол комитетінің хатшысы, 1990-1992 жылдары Ақсуат ауылының Балықшы ветеринарлық учаскесінің меңгерушісі, 1992-1997 жылдары «Арсат-Балық» акционерлік қоғамының зоотехнигі, 1997-1998 жылдары «Арсат-Балық» акционерлік қоғамының техника қауіпсіздігі бойынша инженері, 1998-2009 жылдары Балықшы ауылдық округінің әкімі, 2009-2010 жылдары Күршім аумақтық инспекция бастығының орынбасары, 2011-2012 жылдары Күршім аудандық ветеринарлық зертхана меңгерушісі, 2013-2015 жылдары Күршім ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, 2015-2023 жылдары Күршім ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары, Сарыөлең ауылдық округінің әкімі, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болып қызмет етті. 2023 жылдың тамыз айында Күршім ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп өсірді.
Лауазымдық міндеттері: Мекемені басқарады, жұмысына басшылық жасап ұйымдастырады. Мекемедегі қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттерін айқындайды. Лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. Жер қатынастарын реттеу саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізеді. Жер заңдарын және атқарушы органдардың шешімдерін орындайды. Жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастырады. Нақты жерлердің болуы және олардың санаттары, алқаптар, жер учаскелерінің меншік иелері және жерді пайдаланушылар бойынша бөлінуі туралы, бүлінген жерлерді қайта өңдеу, топырақтың құнарлы қабатын сылып алу және пайдалану туралы жыл сайынғы есептерді жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен аудан аумағында міндетті күші бар бұйрықтар шығарады. Жер қатынастарын реттеу, жер реформасын жүргізу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды. Иесi жоқ жер учаскелерiн анықтау және оларды есепке алу жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады. Ауданның жергiлiктi атқарушы органының жер учаскелерiн беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын, жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттiк геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшiн жер учаскелерiн беру жөнiндегi аудандық атқарушы органның ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын, мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiнде ұсыныстарды дайындайды. Жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындайды. Мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын, жерге орналастыруды жүргiзудi ұйымдастыру және жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiтеді. Жердi аймақтарға бөлу жобаларын және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жерiн ұтымды пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды, елдi мекендер аумағының жер шаруашылық орналастыру жобаларын әзiрлеуді, жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргiзудi ұйымдастырады. Жердi пайдалану мен қорғау мәселелерiне қатысты қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектiлерiнiң есебiн жүргiзеді.Жер учаскесiне сәйкестендiру құжаттарын,ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң паспорттарын береді. Жер учаскесiн сатып алу сату шарттары мен жалдау және жердi уақытша өтеусiз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Жер Кодексінің 71-бабына сәйкес ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беруi, ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру, жердi резервке қалдыру жөнiндегi ұсыныстарды дайындайды.Бюджеттік өтінім, сметалық шығындарын жасап, бюджеттік бағдарламаларды дайындап, бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты пайдалануын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімі, аудан әкімі мен облыстық және аудандық әкімдіктердің актілері мен тапсырмаларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, аудан аумақтарын дамыту бағдарламасының іске асырылуының, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштерінің, мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті стандарттары мен регламенттерін және әкімшілік рәсімдерді сақталуын қадағалайды.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.





