
Қасымбаева Арайлым Сейітқамзақызы
ШҚО Күршім ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1982 жылы 19 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қаратоғай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2005 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы ҚазҰПУ бастауыш сыныптар мұғалімі, 2015 жылы Қазақстан-Американдық университетін құқық бакалавры мамандығы бойынша тәмамдаған.
2005-2012 жылдары - Күршім ауылдық округі әкімінің аппаратында мүмкіншілігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің маманы, бас маман – іс басқарушысы болып еңбек етті. 2012 –2022 жылдары -Күршім ауылдық округі әкімінің орынбасары, Күршім ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы болып қызмет атқарды.. 2022 жылдың ақпан айында Күршім ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Лауазымдық міндеттері: Мекемені басқарады, жұмысына басшылық жасап ұйымдастырады. Мекемедегі қызметкерлердің және мемлекеттік орган қарамағындағы ұйым басшыларының міндеттері мен өкілеттерін айқындайды. Лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.Ауданда ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру.Ауданда ішкі саясат саласында мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету, ұйымдастыру.Аудандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне және қоғамдық-саяси жағдайларға сараптама жасау, болжау, мониторинг жүргізуді ұйымдастыру.Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру.Үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіру, мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасын және ынтымақтастығын ұйымдастыру, аудандағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге үкіметтік емес ұйымдарды тарту.Мемлекеттік ішкі саясаттың негізгі басымдықтарын, әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың мемлекеттік және аудандық бағдарламаларын түсіндіру мен насихаттау, бағдарламаларды талдау және жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіруге қатысады.Жергілікті атқарушы органдармен өзара қарым-қатынасты ұйымдастырады.Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.Саяси маңызды оқиғалар туралы, сондай-ақ, діни, қоғамдық-саяси саладағы, мемлекеттік органның ақпараттық-насихат және идеологиялық жұмыстарындағы өзгерістер туралы уақтылы ақпарат беріп отырады.Мемлекеттік органдардың бұқаралық-ақпарат құралдарымен өзара қарым-қатынасын үйлестіреді және ұйымдастырады.Жергілікті атқарушы органдардың қызметін жария етуде бұқаралық-ақпарат құралдарымен шаралар дайындайды және өткізеді.Аудандағы мерзімдік баспасөзге жазылуды ұйымдастырады.Қоғамдық-саяси процестерді болжайды және зерттейді, аудандағы ұлтаралық қатынас сұрақтарын, аудандағы қазіргі саяси жағдай туралы ақпараттарды жүйелейді.Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауларын, «Қазақстан-2050» Стратегиясын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихат топтарының қызметін, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық-насихат жұмыстарын үйлестіреді.Үкіметтік емес ұйымдарға ұйымдастыру-тәжірибелік, әдістемелік, кеңестік, ақпараттық қолдау жасауды ұйымдастырады.Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссиялардың, аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі және жастар мәселелері, әйелдер істері мен отбасылық-гендерлік саясатты жүзеге асыру жөніндегі кеңестердің жұмысына басшылық жасайды.Ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырады, жастар саясаты саласындағы аудандық бағдарламаларды жасайды, жүзеге асырады және оны қаржыландырады.Өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша әдістемелік-кеңестік органдарды құрады және жұмыс жүргізуін қамтамасыз етеді.Аудандағы қоғамдық және діни бірлестіктермен өзара қарым-қатынас жасайды.Қазақстан Республикасы мемлекеттiк рәмiздерiнiң аудан аумағында пайдаланылуын (орналастырылуын) бақылауды жүзеге асырады.«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын қадағалайды. Бюджеттік өтінім, сметалық шығындарын жасап, бюджеттік бағдарламаларды дайындап, бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты пайдалануын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімі, аудан әкімі мен облыстық және аудандық әкімдіктердің актілері мен тапсырмаларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, аудан аумақтарын дамыту бағдарламасының іске асырылуының, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштерінің, мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.





