Искаков Ришат Дәулетханұлы

    ШҚО Күршім ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

    Искаков Ришат Дәулетханұлы
    Руководитель отдела

    Искаков Ришат Дәулетханұлы

    ШҚО Күршім ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Искаков Ришат Дәулетханұлы 1985 жылы 6 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қаратоғай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2009 жылы Қазақстан инженерлік-экономикалық университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған.

    2008-2023 жылдары Күршім ауданының кәсіпкерлік бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы, кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі, бас маманы, кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2023 жылдың қыркүйегінен Күршім ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.
    Отбасылы, ұл тәрбиелеп өсіруде.

    Лауазымдық міндеттері: Мекемені басқарады, жұмысына басшылық жасап ұйымдастырады. Мекемедегі қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттерін айқындайды. Лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. Аудан аумағында кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз етеді. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жүзеге асырады. Аудан аумағында сауда қызметін реттейді. Ауылда экономикалық реформаның негізгі бағыттарын орындауды және іске асыруды ұйымдастырады және осының негізінде аграрлық сектордың, оның даму тенденциясының перспективаларын анықтайды.Нарықтық инфрақұрылымды және нарықтық үлгідегі ұйымдық құрылымды құруға көмек көрсетеді, бірыңғай қаржылық-инвестициялық саясат пен есепті жүргізеді. Жеке меншік негізінде ауылда әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың дамуына және құрылуына көмек көрсетеді. Ғылыми-техникалық үдерістің негізгі бағыттарын анықтайды және оларды іске асыру жолдары мен тәсілдерін, ғылым мен техника жетістіктерін насихаттауды енгізуге көмек көрсетеді. Аудан аумағында азық-түлік қауіпсіздігі жағдайына мониторинг жүргізеді. Бәсекеге қабілетті тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің отандық өндірісін дамыту үшін жағдай жасайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізеді және Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органына есептілік ұсынады. Аудан аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды. Өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз етеді.Сарапшылық кеңестердің қызметін ұйымдастырады.Көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады.Туристік қызметке жәрдемдеседі және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Аудан аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады. Аудан аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады. Және оны облыстың жергілікті атқарушы органына береді. Аудандық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді. Аудан аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді. Балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсетеді. Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат береді.Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асырады. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асырады. Ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізеді. Агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізеді және оны Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органына береді. «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізеді. Бюджеттік өтінім, сметалық шығындарын жасап, бюджеттік бағдарламаларды дайындап, бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты пайдалануын жүзеге асырады.Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімі, аудан әкімі мен облыстық және аудандық әкімдіктердің актілері мен тапсырмаларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, аудан аумақтарын дамыту бағдарламасының іске асырылуының, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштерінің, мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді.Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті стандарттары мен регламенттерін және әкімшілік рәсімдерді сақталуын қадағалайды.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері