Тоқпаева Салтанат Қабимолдақызы

    ШҚО Күршім ауданы әкімі аппаратының кеңсе, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау бөлімінің басшысы

    Тоқпаева Салтанат Қабимолдақызы
    Руководитель отдела

    Тоқпаева Салтанат Қабимолдақызы

    ШҚО Күршім ауданы әкімі аппаратының кеңсе, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    1980 жылы 21 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы Алексеевка ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2000 жылы Семей политехникалық колледжін, 2007 жылы Орталық-Азия университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Отбасылы, қыз тәрбиелеп өсірді.

    Еңбек жолын 2001 жылы Күршім аудандық АХАЖ бөлімінің Теректі учаскесінің маманы болып бастаған. 2004-2023 жылдары Күршім ауданының Әділет басқармасының бас маманы, Күршім ауданының Күршім ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-іс басқарушысы, Күршім ауданы әкімі аппаратының кеңсе, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды. 2023 жылдың тамызынан бастап, Күршім ауданы әкімі аппаратының кеңсе, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау бөлімінің басшысы.

    Лауазымдық міндеттері: Әкім аппаратының іс қағаздарын жүргізуге жауап береді. Барлық іс қағаздарының толтырылуы тұрпатты Ережеге сай болуын қадағалайды. Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің уақытында тіркеп, орындалуын қадағалайды. Әкімнің жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауы кезінде қатысып, арыз-шағымдардың орындалуы туралы тапсырмаларды тиісті лауазымды тұлғаларға уақытында жеткізіп, орындалуын қадағалайды. Нормативтік құқықтық актілерді бекітіп қол қойдыруға әкімге кіргізеді. Оларды тіркеп, мөрмен бекітеді. Әкімнің қабылдау бөлмесіндегі және аудан әкімі аппаратындағы хатшылардың, техникалық қызметкерлердің, бөлім мамандарының жұмысын ұйымдастырады, қадағалайды. Ауылдық округтер іс басқарушыларымен семинар сабақ өткізеді, оларға іс жүргізу жүйесі бойынша кеңес береді, іс қағаздарының дұрыс жүргізілуін қадағалайды. Елтаңбалы бланктердің жұмсалуына, сақталуына, әкімшілік мөрінің, мөртабанының басқа да штамптардың, номенклатура бойынша құжаттардың, нормативтік құқықтық актілердің сақталуына жауап береді. Аппарат бойынша «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» жүйесіне тұрақты сақталатын құжаттардың енгізілуін қадағалау. Ауылдық округтер мен дербес бөлімдерде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізуді, құрылымдық АТ құруды, мемлекеттік мекемелер арасында локалды желі құрылуын, электрондық құжат айналымы жүйесінің енгізілуін бақылау. «БҚА» бағдарламасының жүргізілуін, аудандық «Электрондық әкімдік құру» бағдарламасының орындалуын қадағалау. «Айқын» бағдарламасы бойынша ауылдық округтер мен дербес бөлімдердің жұмысын ұйымдастырып, белгіленген уақытта есеп берілуін қадағалайды.Аудан әкімінің ресми сайтына енгізілетін материалдардың толық көлемде, талапқа сай болуын қадағалау.Аудио-бейне конференциялардың өтуінің қамтамасыз етілуін бақылау.Мемлекеттік мекемелерде «Электрондық Үкімет» бағдарламасын бақылайды. Ақпарат құралдарында «Электрондық Үкімет» бағдарламасының енгізілуін қадағалау.Аудан әкімі аппаратында компьютерлік техникаларды, жабдықтарын сатып алуда көмек көрсету, олардың жұмыс істеуін бақылайды.«ИСО» бағдарламасы бойынша жұмысты қадағалайды.Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының, регламенттерінің, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы талаптарының сақталуын қадағалау. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің мониторингін жургізу, талдау жасау. ҚР заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізеді және ұйымдастырады. Ай сайын мемлекеттік қызметтер бойынша есеп берілуін қадағалайды. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз етілуін қадағалайды. Ауданның бөлімдері мен ауылдық округтердегі цифрландыруды енгізу жұмысының ұйымдастырылуын бақылайды.Жергілікті мемлекеттік атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін бағалаудың «Мемлекеттік қызмет көрсету» және «Ақпараттық технологияларды қолдану» бағыттары бойынша жұмыстарды үйлестіреді.Бөлімнің жоспарының орындалуына жауапты. «Е-өтініш» жүйесінде тіркеу сатысында өтініштерді тіркеу карточкасының деректемелерін толтыруға жауапты.«Е-өтініш» жүйесінде өтініштер бойынша қабылданған шешім,сұрақтардың сипатын дұрыс толтыруға тікелей жауапты.Қызмет бабында пайдаланылатын құжаттармен жұмыс жүргізу.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Байланыс телефоны: 8(72339)21013
    email: [email protected]

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері