
Мәжібаев Жасұлан Жайлаубайұлы
ШҚО Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Мәжібаев Жасұлан Жайлаубайұлы - ШҚО Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
1988 жылы 8 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Бурабай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2007 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің колледжін құқықтану, 2010 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетін юриспруденция мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007–2013 жылдары – Күршім ауданы Күршім ауылында №1 халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы, Күршім ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы бойынша көмекшісі болып еңбек етті. 2013-2025 жылдары-Күршім ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, бөлім меңгерушісі, бөлім басшысы, Күршім ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып қызмет атқарды. 2025 жылдың шілде айында Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Отбасылы, 2 бала тәрбиелеп өсіруде.
Лауазымдық міндеттері: Мекемені басқарады, жұмысына басшылық жасап ұйымдастырады. Мекемедегі қызметкерлердің және мемлекеттік орган қарамағындағы ұйым басшыларының міндеттері мен өкілеттерін айқындайды. Лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.Аудан аумағында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға бiрдей мүмкiндiктердi, әдiл де қолайлы еңбек жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды, нәтижелi жұмыспен қамтуды, жұмыссыздықты азайту, жұмыс орындарын ашуды, еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруды, мемлекеттiк органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететiн шараларды әзiрлеу мен iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiруді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруды, жұмыс берушілер, қызметкерлер және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысуын, әлеуметтiк қорғауға кепiлдiк берiлуін, медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалтуға қолжетiмдiлiгін, мүгедектердiң денсаулық сақтауға, бiлiм алуға және қызмет түрiн, соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға басқа азаматтармен қатар қол жеткiзуi мен тең құқылы болуын, мүгедектердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бiрлестiктермен және өзге де ұйымдармен өзара әрекеттесуін, халықты әлеуметтік қорғау бағдарламаларын жүзеге асыруды, халықтың дәрменсiз топтарына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді, қайырымдылық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсетуді, аудан аумағында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөнiндегi әлеуметтiк шараларды жыл сайын анықтап отыруды, жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын ашуды қолдауды, қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын, жастар іс-тәжірибесін ұйымдастырады. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейлікті азайту бағдарламаларын iске асырады. Халықты әлеуметтiк қорғау, ана мен баланы қорғау мәселелерiн шешедi, халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына атаулы көмек көрсетедi, оларға қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi.Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Мүгедектердi оңалтудың өңiрлiк бағдарламаларының iске асырылуын қамтамасыз етедi.«Аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын қадағалайды.Бюджеттік өтінім, сметалық шығындарын жасап, бюджеттік бағдарламаларды дайындап, бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты пайдалануын жүзеге асырады.Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімі, аудан әкімі мен облыстық және аудандық әкімдіктердің актілері мен тапсырмаларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, аудан аумақтарын дамыту бағдарламасының іске асырылуының, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштерінің, мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді.Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті стандарттары мен регламенттерін және әкімшілік рәсімдерді сақталуын қадағалайды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Мекен-жайы: Күршім ауылы Ибежанов көшесі, 69
Қабылдау күндері: сейсенбі сағ. 08.00-ден 12.00-ге дейін
Байланыс телефоны: 8(72339) 21191
e-mail:[email protected]





