Ақсартов Серік Алтынбекұлы

    ШҚО Күршім ауданының Сарыөлең ауылдық округінің әкімі

    Ақсартов Серік Алтынбекұлы
    Аким

    Ақсартов Серік Алтынбекұлы

    ШҚО Күршім ауданының Сарыөлең ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Ақсартов Серік Алтынбекұлы 1962 жылы 14 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы Қалжыр ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1985 жылы Целиноград зоотехникалық малдәрігерлік техникумын зоотехниктік, 1992 жылы Семейдің зоотехникалық малдәрігерлік институтын зоотехния, 2004 жылы Орта-Азиялық университетін құқықтану мамандықтары бойынша тәмамдаған.

    Отбасылы, 2 бала тәрбиелеп өсірді.

    Ақсартов Серік Алтынбекұлы -1979-1980 жылдары Қалжыр совхозында қойшының көмекшісі болды. 1980-1982 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. 1982-1985 жылдары Целиноград зоотехникалық малдәрігерлік техникумында оқыды.1985-2020 жылдары Қалжыр совхозының зоотехник-селекционері, ветсанитары, қой шаруашылығының бригадирі, Шұбаршілік бөлімшесінің зоотехнигі,басқарушысы, Марқакөл жалға беру кәсіпорнының бас зоотехнигі, төрағасы, Теректі ауылдық округі бойынша коммуналдық қызмет бөлімінің меңгерушісі, Теректі ауылдық округінің бас маманы, Теректі ауылдық округі әкімінің орынбасары, Теректі ауылдық округінің әкімі, Марқакөл ауылдық округінің әкімі, Күршім ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы, жетекші маманы болып еңбек етті. 2020-2024 жылдары ШҚО Күршім ауданының Сарыөлең ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарды. 2024 жылдың 16 қыркүйегінен бастап, ШҚО Күршім ауданының Сарыөлең ауылдық округінің әкімі.

    Лауазымдық міндеттері: Ауылдық округ әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес: тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық әкiмдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етеді. Азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi.Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi. Өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады. Ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi. Шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсетеді. Өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi. Азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыратын органдар жоқ ауылдық округтерде ауылдық округ әкімі нотариаттық әрекеттер жасауды ұйымдастырады, өз аумағында тұратын азаматтардың азаматтық хал актілерін тіркеуге құжаттар қабылдауды және оларды азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу және жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға мәліметтер енгізу үшін ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың азаматтық хал актілерін тіркеу органына беруді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен куәліктерді және қажет болған кезде анықтамаларды беруді және табыс етуді жүргізеді. Жұмыспен қамту органдары жоқ жерлердегі ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды белгілеп отырады. Тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады. Табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетеді. Мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсетуді ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып, мүгедектігі бар адамдар арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады. Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып, мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастырады. Мүгедектігі бар адамдарға қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді. Халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді. Ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі. "Алтын алқа" алқасымен наградталған аналарға үй бөлуге жәрдемдеседі. Жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың жүйесінде дайындалған қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастырады.Жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi. Қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады. Шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға олар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ветеринария саласындағы функцияларды орындаған кезде жәрдем көрсетеді. Қажет болған жағдайда жатқан науқасты денсаулық сақтау ұйымының стационарынан тұрғылықты жеріне дейін тасымалдауды ұйымдастырады. Жергiлiктi өзiнөзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды.Жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады. Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді. Өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi. Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіпұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады. Жерлеу және қабірлерді қарапкүту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, қабірге арналған жер учаскелерін есепке алу мен тіркеуді жүргізеді. Қоғамдық медиаторлардың тізілімін жүргізеді. Жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жұмыспен қамтылуына, оның ішінде:қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындары мен мекемелері өндіретін тауарларға, орындайтын жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тапсырыстарды орналастыру. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында сотталғандардың еңбегін пайдаланатын өндірістер ашу, оларды кеңейту және жаңғырту үшін кәсіпкерлік субъектілерін тарту арқылы жәрдемдеседі. Ауылдық округ әкімінің құзыретіне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды аудандық атқарушы органға енгізу жатады. Ауылдық округ әкiмдерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес: басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді. Берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды. Берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді. Берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі. Басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді. Берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді. Бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды. Мемлекеттік мекемелердің жүйесінде дайындалған өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді. Ауылдық округтiң тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді. Аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша ауылдық округтiң авариялық жағдайдағы үйлерін бұзуды ұйымдастырады. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді. Ауылдық округ әкімдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес: мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізеді. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастырады. Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын қамтамасыз етеді. Ауылдық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін. Ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық мәслихатының алдында жауап бередi. Бюджеттік өтінім, сметалық шығындарын жасап, бюджеттік бағдарламаларды дайындап бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты пайдалануын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімі, аудан әкімі мен облыстық және аудандық әкімдіктердің актілері мен тапсырмаларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, аудан аумақтарын дамыту бағдарламасының іске асырылуының, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштерінің, мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті стандарттары мен регламенттерін және әкімшілік рәсімдерді сақталуын қадағалайды

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері