Дуйсенгазин Сымбат Амангельдинович

    Заместитель акима Курчумского района ВКО

    Дуйсенгазин Сымбат Амангельдинович
    Заместитель акима

    Дуйсенгазин Сымбат Амангельдинович

    Заместитель акима Курчумского района ВКО

    Өмірбаян

    Дуйсенгазин Сымбат Амангельдинович 31 қазан 1990 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Дарственное ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2010 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті колледжін спорт түрлерінің тренері, 2014 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетін білім беру бакалавры мамандығы бойынша тәмамдаған. 2010-2026 жылдары Күршім №4 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі, Күршім ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының орынбасары, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының орынбасары, Күршім ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды. 2026 жылдың сәуір айында Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

    Лауазымдық міндеттері: Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің, өндірістік-жол жөндеу бөлімшесі, коммуналдық шаруашылық кәсіпорны, орман шаруашылығы, аудандық пошта байланыс басқармасы, телекоммуникация торабы, мемлекеттік қорық, аудандық электр қуатын жеткізу, аудандық газбен қамтамасыз ету, өрт сөндіру, судан құтқару мекемелерінің жұмыстын үйлестіреді.

    Автомобиль жолдарын жөндеу, күтіп-ұстау, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық кешенінің қызмет етуін, тұрғын үй саясатының іске асырылуын қамтамасыз ету мәселелерін бақылауда ұстайды. Өндірістік, тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі аудандық мемлекеттік комиссияның қызметін бақылайды. Өз құзыры шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғау, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Әскери-патриоттық жұмысқа және ауданда орналасқан әскери бөлімдермен өзара байланысқа, қорғаныс бөлімімен, әскер қатарына шақырушылармен жұмысқа жауап береді. Органдардың, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің және азаматтардың мемлекеттік шекараны қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді орындауы мәселелерін үйлестіреді. Ауданда экологиялық ахуалды жақсарту мәселелерін үйлестіреді.Ауданның қысқы мерзімге дайындығы және барлық жылыту маусымы барысында тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің тұрақты жұмысы мәселелері бойынша аудандық штаб қызметін үйлестіреді. Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының, «Бизнестің жол картасы-2025», 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамуыбағдарламаларының, тағы басқа мемлекеттік және салалық, үкіметтік бағдарламаларының іске асырылуын үйлестіреді.

    Жетекшілік ететін салалар бойынша: Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімі, аудан әкімі мен облыстық және аудандық әкімдіктердің актілері мен тапсырмаларының сапалы және толық орындалуын; Мемлекеттік және салалық, үкіметтік бағдарламалардың, аудан аумақтарын дамыту бағдарламасының іске асырылуын;Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын және ішкі өңірлік талдау көрсеткіштеріне; Облыстық деңгейде жүргізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне қол жеткізуге бақылауды қамтамасыз етеді.

    Аудандық әкімдік қабылдаған қаулылардың, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің қолданыстағы заңнамаға және жетекшілік ететін бағыттарға сәйкес салаларда мемлекет саясатына сәйкестігі үшін, сондай-ақ аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының және ұйымдастыру-өкімдік сипаттағы өзге де құжаттардың орындалуына дербес жауапты болады. Жетекшілік ететін салалар бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылауды жүзеге асырады. Жетекшілік ететін салаларында цифрландыруды енгізеді. Өз құзыры шегінде жобалық басқару жұмысын, Шығыс Қазақстан облысы әкімі мен аудан әкімі арасында қол қойылған меморандумның негізгі мақсатты индикаторларының орындалуын ұйымдастырады.Жеке және заңды тұлғалармен жеке қабылдаулар жүргізеді.

    Мынандай комиссиялардың жұмысына басшылық жасайды:

    Әскерге шақыру комиссиясы.

    Күршім ауданы әкімі аппаратының тәртіптік комиссиясы.

    “Бақылау күні” өткізілуіне жауап береді.Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Мекен-жайы: Күршім ауылы Ибежанов көшесі, 23
    Қабылдау күндері: жұма сағ 9.00-12.00 дейін
    Тел 8(72339) 22120
    email:sy.duisengazin@akimvko.gov.kz

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері