Дузбаев Сандыбек Сеитбекович

    ШҚО Күршім ауданы әкімінің аппарат басшысы

    Дузбаев Сандыбек Сеитбекович
    Руководитель аппарата

    Дузбаев Сандыбек Сеитбекович

    ШҚО Күршім ауданы әкімінің аппарат басшысы

    Өмірбаян

    1966 жылы 16 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1992 жылы Өскемен педагогикалық институтын еңбекке оқыту және жалпы техникалық пәндер мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Күршім ауданының Ақсуат ауылындағы Ақсуат балық учаскесінің жұмысшысы болып бастаған. 1992-1995 жылдары Ақсуат орта мектебінде еңбек пәнінің мұғалімі, 1996-1998 жылдары «Арсат-балық» акционерлік қоғамының көлік гаражының механигі, 1998-2009 жылдары Ақсуат орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі болып еңбек етті. 2009-2012 жылдары Балықшы ауылдық округінің әкімі, 2012-2021 жылдары Күршім ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарды. 2021 жылдың сәуір айында Күршім ауданы әкімінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды.
    Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп өсірді.

    Өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын, мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады. Аудан әкімі аппаратына жалпы басшылықты және оның аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты, аппаратқа жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады. Өз құзыреті шегінде аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің, аудан әкімінің бас инспекторының, мемлекеттік құпияны қорғау жөніндегі бас маманның, ақпараттық қауіпсіздікке жауапты бас маманның қызметін үйлестіреді. Аппараттың құрылымы мен штат кестесін, оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді. Аудан әкімі аппаратының Е-4, Е-5 санаттарының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін, техникалық қамту жұмысын іске асыратын қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады. Қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, аппараттың қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақылар белгілеу, тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді. Ауданның жергілікті атқарушы және өкілді органдары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды. Ауданның атқарушы органдарының аудандық әкімдік мәжілісіне, кеңейтілген аппарат жиналыстарына, аудан әкімінің қатысуымен басқа жиналыстар мен іс-шараларға мәселелер дайындау жөніндегі қызметін жоспарлауға және үйлестіруге, аудан әкімінің жұмыс жоспарының, аудан әкімдігінің мәжіліс жоспары және оның қаулыларының орындалуына жауап береді. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларын, облыс-аудан әкімдерінің, олардың орынбасарларының, әкімдіктердің актілері мен тапсырмаларын орындауларына жауап береді. Аудан әкімдігі қызметінің тиімділігін бағалау, бағалау көрсеткіштерін жақсарту бойынша шаралар қабылдайды. Оның ішінде: «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша қызмет тиімділігін бағалау көрсеткіштерін жақсартуға, мемлекеттік қызмет көрсетуді жүргізуге, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерді толтыруды бақылауға жауап береді. Аудандық мәслихатпен, жергілікті атқарушы органдар, орталық атқарушы органдар және олардың аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-әрекетті қамтамасыз етеді. Ауданның атқарушы органдарының басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар дайындауды ұйымдастырады. Аудан әкімінің аппаратының Наградалық, еңбек өтілін анықтау, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау, конкурстық комиссияларының жұмыстарына басшылық етеді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалымен, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалымен халыққа қызмет көрсету мәселесі бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Аудандағы сайлау кампанияларын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Аудандық сот, прокуратура органдарымен, ішкі істер бөлімімен, Әділет басқармасымен, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен жұмысты үйлестіреді. Терроризмге қарсы сұрақтар бойынша жұмысты үйлестіреді. Аудан әкімі аппаратында мемлекеттік сатып алулар өткізуді үйлестіреді және бақылауды жүзеге асырады. Өз құзыры шегінде жобалық басқару, цифрландыруды енгізу жұмысын ұйымдастырады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзушылығын болдырмау бойынша алдын ала ескерту шараларын ұйымдастыруға жеке жауапкершілікте болады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері