Ижимов Алмас Пернебекұлы

    Заместитель акима Курчумского района ВКО

    Ижимов Алмас Пернебекұлы
    Заместитель акима

    Ижимов Алмас Пернебекұлы

    Заместитель акима Курчумского района ВКО

    Өмірбаян

    Ижимов Алмас Пернебекұлы - ШҚО Күршім ауданы әкімінің орынбасары

    1990 жылы 13 наурызда Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2011 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы, 2015 жылы Шымкент университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    2010–2016 жылдары –Алматы қаласы «Фирма Сапсан секьюрити» ЖШС қауіпсіздік қызметінің инспекторы, Оңтүстік Қазақстан индустриалды-инновациялық колледжінде жастар практикасы бойынша оқытушы, Оңтүстік Қазақстан облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының архивариусы, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты халықты әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімінің бас-маманы, ұйымдастыру бөлімінің бас-маманы, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас-маманы, кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің бас маманы болып еңбек етті.

    2016-2025 жылдары ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші- қон Комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының әлеуметтік көмек және қолдау бөлімінің бас маманы, Шымкент қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің бас инспекторы, бөлім басшысы, ақпараттық қауіпсіздік мониторингі бөлімінің бөлім басшысы, хатшылық бөлімінің бас инспекторы, ұйымдастыру-инспекторлық және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы, инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы-бөлім басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.

    2025 жылдың сәуір айынан бастап, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарады.

    Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп өсіруде.

    Лауазымдық міндеттері: Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, жер қатынастары бөлімдерінің, білім бөлімдерінің, жастар орталығының, газет редакциясының, мектептердің, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік коорпорациясы» КЕАҚ ШҚО бойынша халыққа қызмет көрсету бойынша Күршім ауданының филиалы-Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Күршім ауданы бөлімінің, «Күршім мал дәрігері»,ветеринарлық бақылау және қадағалау бойынша аумақтық инспекциясы, агроөнеркәсіптік кешені бойынша аумақтық инспекциясы мекемелерінің,фитосанитария, ветеринарлық зертхана мекемелерінің, облыстық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының, балық инспекциясының, балық өсіру шаруашылығының, аңшылық шаруашылығының, денсаулық сақтау, қоғамдық денсаулық сақтаумекемелерінің жұмысын үйлестіреді.

    Әлеуметтік–саяси жағдайды зерттеу және болжауды, әлеуметтік қайшылықтардың алдын алу және шешу тетіктерін қалыптастыруды ұйымдастырады. Саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, жастар ұйымдарымен, діни конфессиялармен, ардагерлер және кәсіподақ ұйымдарымен жұмысты үйлестіреді. Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, мемлекеттік тіл саясатын дамыту жұмысын, онамастика мәселелерін үйлестіреді. Қоғамдық-саяси іс-шараларды дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін, «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің жұмысын, мемлекеттік нышандар мәселесінүйлестіреді. Мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт, дін салаларындағы міндеттерді іске асыруды ұйымдастырады. Білім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Ауыл шаруашылық инфрақұрылымын қалыптастыру, ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіптік кешенді, сондай-ақ балық және су шаруашылығын дамыту, өсімдік және жануарлар әлемін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен ауылдық аумақтарды, егін шаруашылығын, тұқым шаруашылығын дамыту мен астық нарығын реттеу, өсімдік шаруашылығындаміндеттісақтандырудымемлекеттік қолдау, өсімдік қорғау және карантин, ветеринария, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін және жұмылдыру дайындығынқамтамасыз ету, баға саясаты, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерін тіркелген бағада әлеуметтік дүкендерге жеткізілу, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ассоциациялары мен одақтарының жұмысын реттеу мәселелері бойынша жұмысты үйлестіреді.

    Индустриялық-инновациялық саладағы халықаралық және шекара маңы ынтымақтастығы, жобаларды іске асыру үшін, оның ішінде өңірдің шикізат ресурстарын тиімді игеру және оларды терең қайта өңдеу бойынша жаңа өндірістер құру мақсатында инвесторлар тартуды; Туризмді, туризм инфрақұрылымын дамыту, туристік салаға инвестициялар, оның ішінде шетелдік инвестициялар тартуды; Кәсіпкерлікті дамыту, бизнес-қауымдастықтық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл, әкімшілік кедергілерді азайтуды, бизнесті қолдау бағдарламаларын іске асыруды; Өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және олардың өнімдерін сыртқы нарыққа шығаруды ұйымдастырады.

    Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының, «Бизнестің жол картасы-2025», 2020-2025 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту», «Ұлттық инвестициялық стратегия» инвестициялар тарту жөніндегі бағдарламаларының, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының, 2020-2025 жылдарға арналған «Білім мен ғылымды дамыту», 2020-2025 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамыту», Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін 2024-2028 жылдарға 2 есеге ұлғайту бойынша тапсырмасын орындау жөніндегі Жол картасының, тағы басқа мемлекеттік және салалық, үкіметтік бағдарламаларының іске асырылуын үйлестіреді. Қолданыстағы заңнаманың шеңберінде жер учаскелерін бөлу, жер қойнауын пайдалануға құқықтар беру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Ауданда сайлау кампанияларын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Аудан бойынша жергілікті полиция қызметі жұмысын үйлестіреді.

    Жетекшілік ететін салалар бойынша: Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімі, аудан әкімі мен облыстық және аудандық әкімдіктердің актілері мен тапсырмаларының орындалуы; Мемлекеттік және салалық, үкіметтік бағдарламалардың, аудан аумақтарын дамыту бағдарламасының іске асырылуы; Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын және ішкі өңірлік талдау көрсеткіштеріне; Облыстық деңгейде жүргізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне қол жеткізуге бақылауды қамтамасыз етеді. Аудандық әкімдік қабылдаған қаулылардың, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің қолданыстағы заңнамаға және жетекшілік ететін бағыттарға сәйкес салаларда мемлекет саясатына сәйкестігі үшін, сондай-ақ аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының және ұйымдастыру-өкімдік сипаттағы өзге де құжаттардың орындалуына дербес жауапты болады. Жетекшілік ететін салалар бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылауды жүзеге асырады. Жетекшілік ететін салаларында цифрландыруды енгізеді. Өз құзыры шегінде жобалық басқару жұмысын, Шығыс Қазақстан облысы әкімі мен аудан әкімі арасында қол қойылған меморандумның негізгі мақсатты индикаторларының орындалуын ұйымдастырады. Жеке және заңды тұлғалармен жеке қабылдаулар жүргізеді.

    Мынандай комиссиялардың жұмысына басшылық жасайды:

    1. Ауыл шаруашылығы және ветеринария саласы бойынша үйлестіру кеңесі.
    2. Құнсыздандыру үрдісін тежеу бойынша жұмыс тобы.
    3. Кәсіпкерлік мәселесі жөніндегі сарапшы кеңесі.
    4. Тоқтап тұрған кәсіпорындарды жабу жөніндегі жұмыс тобы.
    5. Күршім аудандық жер комиссиясы.
    6. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия.
    7. Күршім ауданы әкімі орынбасары жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия.
    8. Ауданда ономастика саласы бойынша атқарылуға тиіс жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тобы.

    «Бақылау күні» өткізілуіне жауап береді. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері