
Әділбеков Даниар Талғатұлы
ШҚО Күршім ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1989 жылы 18 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Раздольное ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2013 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің колледжін техник-бағдарламашы, 2013 жылы Шығыс Қазақстан аймақтық университетін ақпараттық жүйелер бакалавры мамандығы бойынша тәмамдаған.
Отбасылы. Екі бала тәрбиелеуде.
2011-2014 жылдары Күршім ауданы әкімдігінің «Күршім» МККК мемлекеттік сатып алу бойынша маманы, Күршім ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы, Күршім ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің нұсқаушысы, 2014 - 2021 жылдары аралығында Күршім ауданы әкімі аппаратының қаржы - шаруашылық бөлімінің, жалпы бөлімінің жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы болып қызмет атқарды. 2021 жылдың қаңтар айында Күршім ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

