
Мұхтарханов Елжан Бөкембайұлы
ШҚО Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Мұхтарханов Елжан Бөкембайұлы 1977 жылы 5 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралиха ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1999 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін тасымалдауды ұйымдастыру инженері мамандығы бойынша тәмамдаған. 2000-2001 жылдары ҚР Қарулы Күштері қатарында, 2001-2017 жылдары Ішкі істер органындағы және Азаматтық қорғаныс органында қызмет атқарды.
2018-2019 жылдары Күршім ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып еңбек етті. Сайлау нәтижесі бойынша 2019 жылдың 4 қарашасында Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп өсіруде.





