Қызметкерлер — Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    7
    Шаққалиев Арман Абайұлы
    Министр

    Шаққалиев Арман Абайұлы

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі

    Арман Шаққалиев 1977 жылы Қарағанды облысының Балқаш қаласында дүниеге келген. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін бітірген.

    Ішкі саудаЕуразиялық экономикалық одақЭкспортты дамытуЕкіжақты ынтымақтастық
    Бижанова Айжан Адиловна
    Бірінші вице-министр

    Бижанова Айжан Адиловна

    Первый вице-министр торговли и интеграции Республики Казахстан

    Айжан Бижанова родилась в 1982 году в г. Алматы. Окончила Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Международную Академию Бизнеса, Академию Кайнар.

    Ішкі саудаТұтынушылар құқығын қорғау
    Кушукова Жанель Сабырқызы
    Вице-министр

    Кушукова Жанель Сабырқызы

    Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция Вице-министрі

    Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Әр жылдары Индустрия және сауда министрлігі мен экономика және сауда министрлігінде, ҚР Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс істеді. ДСҰ-ға кіру бойынша қазақстандық келіссөздер тобының мүшесі болды, Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық және шарттық базасын әзірлеуге қатысты. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

    Еуразиялық экономикалық одақСыртқы сауда қызметі
    Әбілдабеков Айдар Ахметбекұлы
    Вице-министр

    Әбілдабеков Айдар Ахметбекұлы

    Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция Вице-министрі

    Айдар Әбілдабеков 1970 жылы дүниеге келген. Е. Бөкетова атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан халықтар достығы инженерлік-педагогикалық университетін заңгер мамандығы бойынша аяқтаған.

    Экспортты дамытуТехникалық реттеу және метрологияСауда-экономикалық даму
    Каримов Азамат Қайратұлы
    Аппарат басшысы

    Каримов Азамат Қайратұлы

    Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысы

    2014 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген. 2022 жылы – РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын «Мемлекеттік аудит» мамандығы бойынша. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

    Әбілдабеков Айдар Ахметбекұлы
    Вице-министр

    Әбілдабеков Айдар Ахметбекұлы

    Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция Вице-министрі

    Айдар Әбілдабеков 1970 жылы дүниеге келген. Е. Бөкетова атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан халықтар достығы инженерлік-педагогикалық университетін заңгер мамандығы бойынша аяқтаған.

    Экспортты дамытуТехникалық реттеу және метрология
    Нүсіпов Әсет Ілиясұлы
    Вице-министр

    Нүсіпов Әсет Ілиясұлы

    Сауда және интеграция вице-министрі

    1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Иллинойс технологиялық институтын (АҚШ) бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласында «Ұлттық инновациялық қор» АҚ менеджері болып бастаған.

    ЦифрландыруСфера электронной торговли

    Департаменты

    30
    Ахметов Жеңісбек Алпамысұлы
    Басшы

    Ахметов Жеңісбек Алпамысұлы

    Алматы облысы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшысы

    Туған кезі: 1985 жылғы 9 сәуiр Туған жері: Қызылорда облысы, Арал қаласы Білімі: жоғары білім Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы: 2006 жыл - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекттік университеті Мамандығы: Кәсіпорындағы экономика және басқару

    Киматова Эльмира Нуровна
    Басшы

    Киматова Эльмира Нуровна

    Батыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

    1973 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. "Құрмет белгісі" орденді А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (тарих); Қазақ мемлекеттік заң университетінің Батыс Қазақстан филиалын (юриспруденция).

    Ильясов Ғалымжан Молдабайұлы
    Басшы

    Ильясов Ғалымжан Молдабайұлы

    Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

    1970 жылы Оңтүстік-Қазақстан облысында дүниеге келген. К.И. Скрябин атындағы Мәскеу ветеринарлық академиясын (зоотехника) және Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін (мемлекеттік және жергілікті басқару) бітірген.

    Тагашов Еркебулан Бакытжанович
    Басшы

    Тагашов Еркебулан Бакытжанович

    Астана қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

    Тагашов Еркебулан Бакытжанович 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Орталық Азия университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

    Байқадамова Уәсиля Төлеуқызы
    Директор

    Байқадамова Уәсиля Төлеуқызы

    Сыртқы сауда қызметі департаменті директоры

    Уәсиля Төлеуқызы Байқадамова 1972 жылы туған, Қазақ тұтыну кооперативтері институтын (бухгалтерлік есеп, бақылау және кәсіпкерлік қызметті талдау), Мәскеудегі Қазіргі заманғы гуманитарлық институтты (құқық), Қаржы академиясын (экономика магистрі) және Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын (экономика магистрі) бітірген.

    Данияров Геннадий Гожахметович
    Басшы

    Данияров Геннадий Гожахметович

    Алматы қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

    1978 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ-Америка университетін бакалавр және магистр дәрежелерімен үздік бітірген.

    Сағнайқызы Назгүл
    Директор

    Сағнайқызы Назгүл

    ҚР СИМ Заң қызметі департаменті директоры

    Сағнайқызы Назгүл 1980 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар: Қазақ мемлекеттік заң университетін, Алматы қ. (құқықтану бакалавры); Қазақ гуманитарлық заң университетін, Астана қ. (заң ғылымдарының магистрі); Қазақстан-Ресей университетін (экономика бакалавры), Астана қ. бітірген.

    Қаусан Нұрислам Марксұлы
    Директор

    Қаусан Нұрислам Марксұлы

    директор Департамента экономической интеграции

    Қаусан Нұрислам Марксұлы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Экономикалық интеграция департаментінің директоры болып тағайындалды. 1992 жылы 14 шілдеде дүниеге келген , жоғары білімі бар, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

    Еуразиялық экономикалық одақ
    Тулеев Нурасыл Айдарханович
    Басшы

    Тулеев Нурасыл Айдарханович

    Шымкент қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

    1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ химия-технология институтын (өнеркәсіп экономикасы және менеджмент); Қарағанды экономикалық университетін (юриспруденция); Шымкент университетін (есеп және аудит бакалавры, экономика және бизнес магистрі) бітірген.

    Сайдалин Самат Муратович
    Басшы

    Сайдалин Самат Муратович

    Ақмола облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

    1985 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Жоғары білімі бар, Көкшетау Фемида заң колледжін (құқықтану) және Көкше академиясын (құқықтану және экономика) бітірген.

    Раимкулов Кайрат Мирболатович
    Басшы

    Раимкулов Кайрат Мирболатович

    Ақтөбе облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

    1988 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (маркетинг) және Қазақ гуманитарлық заң университетін (құқықтану) бітірген.

    Басшы

    Дюсембаев Данияр Бекказиевич

    Шығыс Қазақстан облысы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшысы

    Туған кезі: 1979 жылғы 15 қыркүйек Туған жері: Семей облысы, Шұбартау ауданы, Өркек ауылдық округі Тілдерін білуі: Қазақша, орысша - еркін сөйлесе алады Білімі: 2000 жыл - Шығыс Қазақстан мемлекеттік университет (Қазақ тілі мен әдебиеті) 2007 жыл - Орталық-Азия университеті (Юриспруденция) 2019 жыл - Д,Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеттің (экономика)

    Рахымбаев Абзал Жупарович
    Басшы

    Рахымбаев Абзал Жупарович

    Қарағанды облысы бойынша cауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

    1988 жылы Қарағанды облысында туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін (э кономика) ; Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін (қ ұқықтану) ; Академик Е . А . Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (ж обаларды басқару) бітірген .

    Мухаев Рауан Есеналиевич
    Басшы

    Мухаев Рауан Есеналиевич

    Маңғыстау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

    1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (құқықтану) бітірген.

    Кистауов Болатбек Дүйсенбекович
    Басшы

    Кистауов Болатбек Дүйсенбекович

    Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

    1973 жыл Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында дүниеге келген. Қапланбек зоотехникалық малдәрігерлік техникумын (зоотехния); Х.А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ- түрік университетін (халықаралық экономикалық қатынастары) бітірген.

    Емберген Самат Жұмабайұлы
    Басшы

    Емберген Самат Жұмабайұлы

    Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

    1979 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетін (тарих және құқықтану) бітірген.

    Даулетбаев Жасулан Айтуганович
    Басшы

    Даулетбаев Жасулан Айтуганович

    Ұлытау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

    1986 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген. Қарағанды ​​экономика университетін (құқықтану) және М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін (менеджмент магистрі) бітірген.

    Ахметов Жеңісбек Алпамысұлы
    Басшы

    Ахметов Жеңісбек Алпамысұлы

    Алматы облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

    1985 жылы Қызылорда облысы Арал қаласында дүниеге келген. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін (кәсіпорындағы экономика және басқару) бітірген.

    Агибаев Ербол Талапович
    Департамент басшысының м. а.

    Агибаев Ербол Талапович

    Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшы міндетін атқарушы

    1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін (есеп және аудит; құқықтану) бітірген.

    Нуртазин Серікхан Бейсенғазыевич
    Басшы

    Нуртазин Серікхан Бейсенғазыевич

    Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

    1988 жылы Семей облысы Аягөз қаласында дүниеге келді. Үш жоғары білімі бар, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша және «Юриспруденция» мамандығы бойынша аяқтаған. Президенттік «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын (Мәскеу қаласы) «Халықаралық экономикалық ынтымақтастық» мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтаған.

    Болганисов Бауыржан Ертайұлы
    Директор

    Болганисов Бауыржан Ертайұлы

    Экспортты ілгерілету департаментінің директоры

    Білім Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті « қытай тілінің филологиясы» м аманды ғы ; Қазақ қатынас жолдары университеті «Қаржы» мамандығы .

    Экспортты дамыту
    Байганин Серик Алпысбаевич
    Директор

    Байганин Серик Алпысбаевич

    Цифрлық трансформация және тауарларды таңбалау департаментінің директоры

    Серик Байганин 1982 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген . Үш жоғары білімі бар: «Экономикадағы ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Т. Рысқұлов ат. Қазақ экономикалық университетін; «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша С. Баишев ат. Ақтөбе университетін; «Болашақ» степендиясы бойынша «Мемлекеттік басқару» мамандығымен Нью - Йорк қаласындағы Колумбия университетін бітірген.

    Цифрландыру
    Оразалиев Ансар Жанатулы
    Директор

    Оразалиев Ансар Жанатулы

    Ішкі сауданы дамыту департаментінің директоры

    Ансар Жанатұлы Оразалиев 1992 жылы туған. "Тұран" университетін бітірген (құқықтану).

    Ішкі саудаСфера электронной торговлиБиржалық сауда
    Сагидолдин Асхат Бейсенович
    Басшы

    Сагидолдин Асхат Бейсенович

    Шығыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

    1979 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін (бүкіләлемдік тарих); Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясы Заң институтын (құқық қорғау қызметі) бітірген.

    Комитеты

    6
    Ерканов Мурзахан Адильханович
    Басшы

    Ерканов Мурзахан Адильханович

    Қостанай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

    1979 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Қостанай ауыл шаруашылық институтын (бухгалтерлік есеп және аудит); Қостанай әлеуметтік академиясын (құқықтану); Қостанай инженерлік-педагогикалық университетін (агрономия) бітірген.

    Асантаев Жанат Асылханович
    Басшы

    Асантаев Жанат Асылханович

    Жамбыл облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

    1970 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалын (астық сақтау және өңдеу технологиясы) және Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін (құқықтану) бітірген.

    Жәутікбаев Ернұр Бөкенбайұлы
    Төраға

    Жәутікбаев Ернұр Бөкенбайұлы

    ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасы

    Ернұр Жәутікбаев 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2007 жылы Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер мамандығын, 2010 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

    ҚР сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу, ішкі сауда субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету
    Танабергенов Булат Амангелдіұлы
    Төраға

    Танабергенов Булат Амангелдіұлы

    ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасы

    1976 жылы Ресей Федерациясының Орынбор облысында дүниеге келген. 1997 жылы Ақтөбе обл. тұтынушылар одағының Есеп-сауда колледжін "Бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті бақылау және талдау" мамандығы бойынша бітірген. 1999 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін "Қаржы және несие" мамандығы бойынша бітірген. 2012 жылы "Нұр" Қазақ-орыс халықаралық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

    ТҚҚ Салааралық үйлестіруі
    Турмаганбет Болат Адилханулы
    Басшы

    Турмаганбет Болат Адилханулы

    Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

    1988 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін (экономика) бітірген.

    Бимурзаев Нурлыбек Шонжарович
    Басшы

    Бимурзаев Нурлыбек Шонжарович

    Қызылорда облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

    1970 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қызылорда политехникалық институтын (бухгалтерлік есеп және аудит) және Қызылорда «Болашақ» университетін (құқықтану) бітірген.

    Уполномоченный по этике

    1
    Абылкасымов Бауыржан Туреханович
    Әдеп жөніндегі уәкіл

    Абылкасымов Бауыржан Туреханович

    Әдеп жөніндегі уәкіл

    1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Азық-түлік тауарлары нарығындағы коммерциялық қызмет» мамандығы бойынша бітірген. 2000 жылы – «Құқықтану» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік заң академиясын.